Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Жасотандықтар универсиада нысандарымен танысып қайтты

Жасотандықтар универсиада нысандарымен танысып қайтты

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
1035
Жасотандықтар универсиада нысандарымен танысып қайтты Алматыда қалалық "Жас Отан" жастар қанаты мен "Нұр Отан" партиясы Алатау аудандық филиалының басшылығы мегаполисте орналасқан универсиада нысандарын бақылап, жұмыс барысымен танысып қайтты.

Бақылау шарасында партия басшылығы универсиада нысандарынан бөлек, еріктілер жұмысымен де кеңінен танысты. Сондай-ақ, "Алматы арена" кешінінде жиналған басшылық өкілдері - "Жас Отан" ЖҚ-ның жас мүшелерімен жолығып, универсиаданың бас ғимаратын шолып қайтты.

 

Айдана СЫДЫҚОВА,

Алматы қалалық "Жас Отан" ЖҚ-ның төрағасы:

-Міне, бүгін универсиаданың басталуына екі аптадай уақыт қалды. Осыған орай, бүгін "Жас Отан" ЖҚ-ның тарапынан тексеру жұмыстарын өткіздік. Универсиада жарыста жүргізілетін "Сұңқар" Халықаралық трамплейндер кешіненен бастап, "Алматы - арена" кешендерін аралап, зерттеп қайттық. Әсіресе, универсиада еріктілерінің жұмысын бақылап, таныстық. Жалпы, дайындық жұмыстары жақсы жүргізіліп келеді. 

 

Болат МАНКЕНОВ,

Алматы қаласының спорт менеджері:

-Алматы қалалық универсиаданы ұйымдастыру диррекциясының ұжымы осы универсиадаға келген техникалық делегаттарға универсиаданы ұйымдастыру үшін барлық нысандарды тапсырады. Олар Алматыға келген бойда қабылдап алып, біз толықтай табыстаймыз. Техникалық делегаттар өздерінің ережелері бойынша - әлемдік үлкен жарысты ұйымдастыруға кіріседі. Қазір "Алматы арена" кешінде коньки тебу кешінен бөлек, бұқаралық спорт үйірмелері де бар. Тек бұл нысандар халыққа универсиада аяқталғаннан кейін, 1-наурыздан бастап жұмыс істейтін болады.

 

Азиз Кажденбек,

Еріктілермен жұмыс істеу департаментінің жетекші маманы:

-Қазір "Сұңқар" трамплейндер кешінінде - Универсиада Еріктілерінің Бас орталығы қызмет жасауда. Бұл орталық универсиада еріктілерінің барлық кординациясын жүргізеді. Мұнда 3000 мыңға жуық ерікті іріктелген. Олардың барлығы өздерінің функцияналдық міндеттерін біледі.

Еріктілер универсиадада 32 бағыт бойынша жұмыс істейтін болады. Бізде бір үйлестіруші  -50 еріктіге жауап береді. Біздің еріктілер барлық жағынан 100%-ға дайын деп айта аламыз.

 

Алмат ТАСЫБЕКОВ,

Алматы қалалық "Жас Отан" ЖҚ-ның Медеу аудандық мүшесі:

-Универсиада үлкен жетістіктер, табыстар алып келеді. Бұл жарыс болып қалмайды, оның негізінде салынған нысандар біздің осы саладағы спортшыларымыз бен бұқаралық спортқа берілетін үлкен мүмкіндік. Бастысы, осы үлкен бәсекеде ел спортшыларын бірінші орын төрінен көргіміз келеді. Алға, Қазақстан!

 

 

Жансая АТАНШАЕВА,

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің 2-курс студенті, ерікті:

-"Алматы арена" кешені бізге қатты ұнады, ерекше көңілімізден шықты. Бастысы қысқы универсиаданы тамаша өткізе алатын үлкен спорттық алаңы мен жаттығу залы, тынығатын орындарымен қамтамасыз етіліпті. Тіпті, бұқаралық спортты дамыту мақсатында құрылған - жүзу бассейіні, бокс, күрес, теннис ойнау, тренажер залдары да спорт кешінің аясын кеңейтіп, қаладағы спорт үйірмелерінің санын көтеріп, ерекше жағдай қарастырған. Алдағы уақытта коньки теуіп, жүзу бассейіндерінде жүзіп, бос уақытымды тиімді, әрі қызықты өткіземін деген ойдамын. Ал бүгінгі ерекше күн үшін Алматы қалалық "Жас Отан" ЖҚ-ның басшылығы мен кешен басшылығына алғыс білдіремін.

 

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

суреттерді түсірген автор