Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Айқын-ақпарат
733
11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым аумағында ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынды болады, тек республиканың батыс және шығыс аймақтарында күн ашық.

 Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел күшейеді – 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел – 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасынды жел соғады.

Қызылорда облысында, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Атырау облысында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде тұман түсіп, күндіз бұрқасындатады, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында жел 18-28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел күшейеді – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады, жел – 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.