Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Универсиада қарсаңында 9 сауда орны жабық болады

Универсиада қарсаңында 9 сауда орны жабық болады

Айқын-ақпарат
852
Универсиада қарсаңында 9 сауда орны жабық болады Алматыда Универсиада қарсаңында 9 сауда орны жабық болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

29 қаңтар мен 8  ақпан аралығында санитарлық күндерге байланысты 9 сауда орны уақытша жабылады. Олардың қатарында «Магнум» (Ақбұлақ, 273), «Алтын Орда» базары (Ташкент тас жолы 15 км, 1), «Барлық» (Ташкент тас жолы 18 км, 1/1), «Құрдас-7» (Ташкент тас жолы 15 км, 1/7), «Жібек Жолы» (Райымбек даңғылы 517/6), «Жұлдыз» (Розыбакиев к, 33/1), «Барыс 4» базарлары (Райымбек д, 212д/1), «Кар Сити» СО (Төле би, Яссауи к) «Арзан» гипермаркеті (Райымбек 507а).

Айта кету керек, қалада 46 сауда орны жұмыс істейді. Оның ішінде 4 арнайы мамандандырылған, 16 әмбебап, 26 азық-түлік сатылмайтын сауда орындары бар.

Саудада 20 000 аса кәсіпкер мен 25 000 жұмысшы еңбек етіп келеді.

Естеріңізе салайық, 29 қаңтар-8 ақпан аралығына Алматыда бүкіләлемдік Универсиада өтеді.

 

 ҚазАқпарат