Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Несие пайызы азайтылады

Несие пайызы азайтылады

Айқын-ақпарат
740
Несие пайызы азайтылады 2017 жылдан бастап көктемгі далалық жұмыстарға берілетін несие жылдық 3%-ға дейін азайтылатын болады.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – нарықтарда аса қажетті бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету. Өз кезегінде, оған қол жеткізу үшін 16 міндет тұжырымдалды. Өсімдік өсіру өнімдерін тиімді дамыту мақсатында өнімді қайта өңдеу және өткізу инфрақұрылымына байланыстыра отырып өндірістерді өңірлік ма­мандандыру қамтамасыз етілетін болады. Бұл тұрғыда өнімді сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және өткізу инфра­құрылымын салу, минералды тыңайт­қыштар мен пестицидтерді пай­далану, сондай-ақ жоғары репродукциялы тұқым өндіру және пайдалану қолға алынатын болады, соның арқасында мол астық және сапалы өнім алуға мүмкіндік туады. Гектар бойынша субсидиялаудан қайта өңдеуге берілген өнімді субсидиялауға өту өсімдік өсіру сала­сындағы басты өзгеріс болады. Қайта өңделетін майлы дақыл мен қант қызылшасын субсидиялау қайта өңдейтін кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын арттыруға ықпал етеді. Егіс алаңдарын әртараптандыру жал­ғастырылатын болады. Бидай алаңдары қысқартылады. Бос алаңдарға жем-шөп, майлы, тағы басқа дақылдар егіледі. Көктемгі егіс жұмыстарына арналған несие дәнді дақылдардан басқа, картоп, көкөнiс-бақша, майлы және т.б. дақылдарды егуге беріледі. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қаржы ұйымдары арқылы берілетін кредиттер бойынша тиімді пайыздық мөлшерлемені белгілеу жоспарлануда. Мәселен, келесі жылдан бастап көктемгі далалық жұмыстарға арналған кредит соңғы тұтынушы үшін 3 %-дық жылдық мөлшерлемемен беріледі (2016 жылғы 7,4%-дың орнына).
Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа бағдарлама бүгінге дейін бекітілген бюджет шеңберінде жүзеге асырылады. Яғни, мемлекеттен қосымша қаржы талап етпейді.