Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Министр оңтүстікті аралады

Министр оңтүстікті аралады

Айқын-ақпарат
720
Министр оңтүстікті аралады ҚР Қорғаныс министрі Шымкент және Арыс гарнизондарын тексерді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Шымкент және Арыс гарнизондарының құрамалары мен бөлімдеріне жұмыс сапарымен барды. Жұмыс барысында әскери ведомство басшысы жаңа оқу жылындағы ағымдағы жағдай мен жауынгерлік даярлық барысы туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының баяндамасын тыңдады. Тексеру шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі гарнизондардың техникалық жабдықталуын мұқият зерделеп, инфрақұрылымды дамыту мен әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше назар аударды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомство басшысы Арыс қаласындағы техникалық қызмет көрсету және арсеналдың оқ-дәрілерін жөндеу цехын да аралап шықты. Онда ол аталмыш әскери нысанды әрі қарай пайдалану, оның ішінде, олардың қызмет ету мерзімін ұлғайту мақсатында оқ-дәрілердің ресурсын қалпына келтіру мәселелері бойынша қолбасшылыққа бірқатар тапсырмалар берді.