Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Әйелдер әлеуметтік төлем алды

Әйелдер әлеуметтік төлем алды

Айқын-ақпарат
850
Әйелдер әлеуметтік төлем алды 2016 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қазақстандықтарға жүктілік пен бала тууына, асырап алуына және сәби күтіміне байланысты 125,5 млрд теңгеден астам қаражат төленді.

Егер азаматша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, оған республикалық бюджеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақыдан басқа, жүктілік пен босануға, бала асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан әлеуметтік төлемдер беру қарастырылған. 2016 жылы мұндай әлеуметтік төлемдер 56,5 млрд теңге сомасында 174 366 әйелге берілді. Бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан берілген ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 2016 жылы 22 349 теңгені құрады. Ай сайын әлеуметтік төлемнің мұндай түрін 69 млрд теңге соманы 201 мың адам алды.