Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Қазақстанның үш облысында жол ашылды

Қазақстанның үш облысында жол ашылды

Айқын-ақпарат
897
Қазақстанның үш облысында жол ашылды Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды.

Боран, жолдың нашар көрінуіне байланысты Алматы облысы мен ШҚО-да шектеу жалғасуда. Алматы облысында: «Үшарал-Достық», 83-184 шақырым, Көктума ауылынан Достық ауылына дейін; «Сарыөзек-Көктал», Көгалыдан Басшы ауылына дейін.

ШҚО-да: «Өскемен-Шемонаиха- РФ шекарасы», 108-123 шақырым, Шемонаихадан РФ шекарасына дейін; «Семей-Қайнар», 8-284 шақырым. «Қазавтожол» РМК деректеріне сәйкес жол учаскелерінде жол жиегін қардан тазалау, құм себу жұмыстары жалғасуда. Тәулік бойы торуылдау жүргізілуде. Жұмысқа 434 бірлік арнайы техника, облыстық филиалдардан жеке құрам тартылды.

 

 

ҚазАқпарат