Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Францияда 454 адам ұсталды

Францияда 454 адам ұсталды

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
863
Францияда 454 адам ұсталды Францияда Жаңа жыл түнінде қылмыстық топтың өкілдері 650 автокөлікті өртеп, бұзақылық жасағаны туралы бұған дейін «Айқын» газетінің сайтында хабарлаған болатынбыз.

Француздың Ішкі істер министрі қазір елде жағдайдың тұрақталғанын айта келіп, 454 адамның ұсталғанын мәлім етті. 454 адамның 300-ден астамы қазір қамауда отыр.