Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  «Нұр Отан» партиясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады

«Нұр Отан» партиясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады

Айқын-ақпарат
1071
«Нұр Отан» партиясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты Қарағанды облысы Шахан кентінде болған төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреді.

Қазақстан Президенті, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының әкіміне, сондай-ақ, уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардың бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаның себебін анықтау жөнінде тапсырма берді.

Төтенше жағдай 2017 жылдың бірінші күнінде сағат 22:40-та болды. Атап айтқанда, Шахан кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үй жертөлесінде бу қазандығы жарылып, кіреберістердің бірі опырылып түсті. Салдарынан 15 пәтерге зақым келді. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай департаментінің мамандары үйдің қалған бөлігіндегі тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, үйіндіні аршуға кірісті. Қалалық әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, апат кезінде үйде 118 тұрғын болған. Ал жарылыс салдарынан зардап шеккен төртінші кіреберісте келген қонақтарды қоса есептегенде 30-ға жуық адам болған.