Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Дәурен Абаев қаза болғандардың туыс-туғандарына көңіл айтты

Дәурен Абаев қаза болғандардың туыс-туғандарына көңіл айтты

Айқын-ақпарат
955
Дәурен Абаев қаза болғандардың туыс-туғандарына көңіл айтты ҚР Ақпарат және комуникациялар министрі Дәурен Абаев Шахан кентіндегі апатта қаза болғандардың туыс-туғандарына көңіл айтты.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. «Жылдың басында Шахандағы апаттың орын алуы барша қазақстандықтар үшін үлкен қайғы. Бәріміз опат болған отандастарымыздың қазасына ортақпыз, орны толмас қазаға қайғырып, көңіл айтамыз. Өзім де қаза болған азаматтардың туыс-туғандарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тездетіп сауығып кетулеріне тілектеспін»,- деп жазды Д.Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында. Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласы Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені туралы қоңырау шалынған. Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Әуелі 1 адамның мәйіті үйінді астынан шығарылған болатын. Кейін екінші тұрғынның денесі үйінді астынан табылды. Қазіргі уақытқа дейін үйінді астынан 9 көз жұмған адамның денесі аршып алынды. Оның үшеуі ер адам, үшеуі әйел, үшеуі бала. Баланың біреуі 2016 жылғы,екіншісі 2010 жылғы.