Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
849
Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ Түркияның Reina түнгі клубында Жаңа жыл күні Аяз атаның киімін киген белгісіз біреу 700-800 адам жиналған клубта мейрамды тойлап жатқан жандарға оқ атып, соның салдарынан 39 адам қайтыс болып, 70-ке жуық адам жараланғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Орын алған қайғылы оқиғаға қатысты  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабарлама жасады.
"2017 жылдың 1 қаңтарында Ыстамбұл қаласында ондаған адамдардың қазасына себеп болған террористік актіні қатаң түрде айыптаймыз. Осы қатыгез қылмыс арқылы терроризмнің кезекті әрекетінің куәсі болып отырмыз. Дегенмен, оның ұйымдастырушылары мен демеушілері міндетті түрде анықталып, тиісті жазаға тартылатындарына сенімдіміз. Қаза болғандардың отбасыларының қайғыларына ортақтаса отырып, жарақат алғандарға тезірек жазылуларын, ал бауырлас Түркияның билігіне және халқына лаңкестікпен күресте күш-жігер, шыдамдылық пен табандылық тілейміз" - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі зардап шеккен азаматтардың арасында қазақстандықтардың жоқ екендігін мәлім етті.