Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Ерлан Бекхожин – Бас редакторлар клубының президенті

Ерлан Бекхожин – Бас редакторлар клубының президенті

Айқын-ақпарат
1001
Ерлан Бекхожин –  Бас редакторлар клубының президенті «Бас редак­тор­­лар клубы» қо­­ғамдық бір­лес­тігінің есеп беру - сайлау кон­ференциясында бір­лестік президенті мен басқарма мү­шелерінің жаңа құрамы сайланды.

 Клуб президенттігіне Қазақстан журналистикасы ака­де­миясының академигі Ерлан Бекхожин кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Осыған дейін бұл қызметті атқарған Бибігүл Жексенбай президенттіктен ұйымның жарғысына сай, яғни, сайлану мерзімі аяқталуына байланысты босатылды.
Сондай-ақ Бас редакторлар клубының мүшелері бірлестіктің вице-президенттерін бірауыздан сайлады. Олардың ішінде – танымал тележурналист Бибігүл Жексенбай, «Әділет» ұлттық апталығының редакторлар кеңесінің төрағасы Мұратбек Тоқтағазин, халықаралық телевидение және радио академиясының академигі (AIATR) Арсений Дүйсенов, «Человек и Закон» газетінің бас редакторы Марат Башимов, «Украiнскi новини» республикалық газетінің бас редакторы Тарас Чернега бар.