Басты  /  Сұхбат  /  Аршат ОРАЗОВ, IT маманы: Ақпараттық майданда желі белсенділері бас біріктірмей жүр

Аршат ОРАЗОВ, IT маманы: Ақпараттық майданда желі белсенділері бас біріктірмей жүр

3222
Аршат ОРАЗОВ, IT маманы: Ақпараттық майданда  желі белсенділері бас біріктірмей жүр Күнделікті әлеуметтік желіде не жаңалықтар сайттарында отырғанымызда, көзге көрінбейтін ақпараттық соғыстар мен шабуылдардың, мүдделер арпалысы мен теке-тірестердің жүріп жатқанын байқай бермейміз.

 Мамандар еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін сақтау бағытында нақты іс-шаралардың қолға алыну қажеттігін бірауыздан мақұлдайды. Бұл арада «ақпараттық терроризмнің» барын білу және оның ығында кетпеу, адамдар санасын хакерлер мен фейк аккаунттардың жаулап алуына жол бермеудің маңызы зор. Мұнымен қоса, журналистер мен блогерлер үшін ақпаратты таратпас бұрын фактчекинг жасау, яғни, ақпаратты тексеру міндет боп тұр. Осы және басқа да өзекті мәселелерді IT маманы Аршат Оразов өз сұхбатында өрбітеді. 

– Аршат, сізді жұрт тек IT ма­ма­ны ретінде ғана емес, ақпараттық қауіпсіздік мәселесімен айналысып жүр­ген медиа-тренер ретінде де та­ни­ды. Жалпы, еліміздің бүгінгі ки­бер-қауіпсіздігіне қандай баға бе­рер едіңіз?
– Ақпараттық қауіпсіздік де­ген тек жеке аккаунттардың қауіп­­сіздігі, құпиясөздердің қор­ғалуы ғана емес, бұл ұғымға ақ­па­раттық соғыс және манипуляция, ақ­параттық ортаны басқару, күн тәр­тібін өзгерту немесе қолдан жа­­сау мәселелері де кіреді. Әлеу­мет­тік желіде жұрттың не бөлісіп жат­­қанын, неге және кімге сене­ті­нін, whatsapp сияқты мессен­д­жер­лерде жұрт не бөлісіп жат­қа­нын қарап-ақ елдегі ақпараттық са­ланың қандай жағдайда екенін ба­ғамдауға болатын шығар? Өкі­ніш­­ке қарай, бұл тұрғыдан әлі сауат­­сызбыз. Фактчекинг жаса­май­­мыз, яғни, ақпаратты тексер­мей­­міз, манипуляцияға тез бері­ле­міз, берілген ақпаратты шай­на­май жұта саламыз. Тренингтерде де қарапайым нәрселер айтамыз. Бі­рақ қатысушылар үшін тың жаңа­лық болып шығатын кездер бола­ды. Демек, ақпарат әлі де аз. 
– Байқауымызша, кейбір рей­тин­гі жоғары отандық орыстілді сайт­тарда Ресейдің шашбауын кө­те­ріп, ұлттық бағыттарға қарсы пікір жазып отыратын боттар мен тролльдардың жұмысы, әсіресе, ақ­параттық соғыстар кезінде өр­ши­ді. Елге осындай таңсық, бірақ қауіп­ті нәрсе туралы не айтар едіңіз? Олар жылына қанша пайда та­бады?
– Тек шетелдік емес, ел ішін­де­гі түрлі мүдделер үшін қолданы­ла­тын кибер «әскерлер» бар. Бұл топқа хакерлерді де, тролльдарды да, фейк аккаунттарды да, блогер­лер­ді де жатқызуға болады. Ақ­па­рат­тық соғыс кезінде мұндай жал­данбалылардың болуы заңды деп ойлаймын. Соғыс кезінде бар­лық әдіс жарай береді. Олар­дың қанша табатынын білмеймін. Ба­ға тапсырыстың ауырлығына және көлеміне қарай өзгереді. Пиар­ға бөлінетін бюджеттің біраз бөлігі, әлбетте, осындай істерге де жұм­салады. Ақпараттық соғыс­тың басты нысанасы – адам сана­сы болса, демек, бұл бағытта нә­ти­желі жұмыс атқарылып жатыр деп ойлаймын. Өйткені қоғам ақ­параттық майданға дайын емес. Ма­нипуляцияға тез беріледі. Қор­ғаныс амалдарымыз нашар.
– Қазақстанның да жеке бот­та­ры мен тролльдары бар деуге бо­ла ма?
– Әлбетте бар. Бірнеше топ бар, осындай нәрселермен айна­лы­са­тын. Тек блогерлер ғана емес, пиар­мен айналысатындар да «со­ғысып» жүр. Біреуге шабуыл жа­салса, енді біреуден қорғану да жү­ріп жатыр. 
– Отандық журналистер мен бло­герлер ақпараттық шабуылдар к­езінде бас біріктіре ала ма?  ақ­па­рат­тық шабуыл­дар­ға қарсы шығуға қан­ша­лықты қау­қар­лы?
– Жалпы, журналистер мен бло­герлерді салыстыруға, бірге қою­ға қарсымын. Екеуі екі бөлек әлем. Қазір блогерлер деп қай­та­дан блог жүргізетін, жеке блогы бар адамдарды атай бастады. Ал желідегі белсенділерді дәл осылай желі белсенділері немесе «Лидер мнений» деп атайды. Қазақша айт­қанда, оларды қоғамдық ой ту­ғызушылар, желі белсенділері деп атауға болатын шығар?! Ақ­параттық соғыс кезінде бас бірік­тіру пәлендей байқалмайды. Әдет­тегідей қазақ қоғамы екіге жа­рылады: қарсылар мен қол­дау­шылар болып... Блогерлер, жур­на­листер, желі белсенділері осы екі жақтың бір жағына шығады. Бі­реулері ақылы түрде «әскер» бол­са, біреулері тегіннен-тегін «со­ғыса» береді, тақырыпқа үлес қо­сып жатқанын кейде өзі де біл­мей жатады. Кімнің ойы тұщым­ды, қай жақта нақты факті бар, кім­нің шындығы басым – жеңім­паз сол жақ. Біреуге шеберлік жетіспейді, біреудің техникасы аз, біреулер әлі де сауатсыз, бі­реу­дің психикасы шыдамайды. Бірақ үдеріс басталды, ақпараттық со­ғыс­тың дәмін біраз адам сезді. Де­мек, алда әлі талай шайқас бо­ла­ды. Кімнің «әскері» мықты, сол жеңеді.
– Қазақстанның медиакеңістігі ал­дында қандай қауіптер тұр деп ой­лайсыз? 
– Біздің кемшілігіміз – ақ­па­рат­тандырудың әлсіздігі. Халық­ты әлі де сауаттандыру керек. Ха­­­лықтан бұрын ақпарат сала­сын­дағы қызметкерлердің, БАҚ өкіл­дерінің, желіде сөзі өтетін та­нымал тұлғалардың және, әри­не, мемлекеттік қызметкерлердің арнайы білімін арттыру керек. Ақы­лы «әскерлерге» қарсы тұра алу үшін мемлекеттің де осындай «әскерлері» болуы тиіс, яғни, кез кел­ген жағдайда мемлекет мүддесі үшін тұра алатын азаматтар қа­жет. Ал қазір біз көріп жүрген «әс­керлер» мемлекеттік қыз­мет­кер­лер, баспасөз бөлімдері, сту­денттер, мұғалімдер. Берілген сіл­­темелерге өтіп, алдын ала дайын­далған пікірлерді жазып жүр­гендері бірден байқалады. Мұн­дай тегін, дайындықсыз, қару­сыз әскермен соғысқа шығу­ға болмайды. «Ақпараттық тер­ро­ризм» деген нәрсе де бар. Кей топ­­тар кей мекемелерді сынға алып, өз айтқандарын орындатуға ты­рысады немесе ақпараттық қол­дау үшін қаржы талап етеді. Тер­рориспен ешқашан келісуге бол­майды. Оларды жеңетін әс­кер­лерің дайын болуы керек. Біз­ге қазір жетпей жатқаны – осы.
– Қазақстанда IT саласының да­муы қандай деңгейде?
– Қолданушылық деңгейде бол­маса, өндірушілік деңгейде әлі ештеңе байқамадым. 
– Билік органдарының ресми сайт­тарында соңғы жылдары өзге­ріс бар ма? Бұрын оларды «ұйқылы сайттар» деп атаушы еді, қазір жағдай қалай? 
– Мемлекеттік сайттарда ақ­па­рат жағы бақылауға алынғаннан кейін жағдай жақсарды деуге бо­лады. Жаңалықтар, керекті мә­лі­меттер уақытында шығып оты­ра­ды. Әлеуметтік медиада да парақ­ша­лары ашылып, халықпен бай­ланыс жағы дұрыс бағытта. Тех­ни­калық тұрғыдан, нашар сайттар көп. Студенттерге «сындыруға» тап­сырма беріп те көруге болады. Яғ­ни, техникалық жағынан кү­шей­туді талап ететін сайттар же­терлік. 
– Сұхбатыңызға рақмет! 

Әңгімелескен 
Кәмшат ТАСБОЛАТ