Басты  /  Сұхбат  /  Жұмысқа адалдық барда, алынбайтын қамал жоқ

Жұмысқа адалдық барда, алынбайтын қамал жоқ

2222
Жұмысқа адалдық барда, алынбайтын қамал жоқ Төлеген ТЕЛҒАРАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының әкімі:

– Ауданға әкім болып тағайындал­ға­ныңыз­­ға да 100 күннің жүзі болды. Ауданмен то­лық танысып үлгердіңіз бе? 
– Қазығұрт ауданының ауқымы кең, жүз мың­нан астам халық мекендейтінін осында кел­геннен соң қанықтым. Қызметке кіріс­кен алғашқы күннен танысуды ардагерлер алқасымен танысудан бастадым. Ондағы мақ­сатым, ауданның зиялы қауымына сә­лем беріп, бүкіл саналы ғұмырын ауданның өсіп-өркендеп дамуына елеулі үлес қосқан ар­дагерлердің ақыл-қеңесін тыңдап, олар­дың ақ батасын алу болатын. Меніңше, бұл са­парым сәтті болғанға ұқсайды. Өйткені, аудан­ның төбе биі, екі майдан ардагері, пар­тия-кеңес органдарында ұзақ жыл қыз­мет еткен Иса Телікбаев, аудандық ар­да­гер­лер кеңесінің төрағасы Аманбай Ома­ров, алқа мүшелері Құттыбек Жұмашов, Ка­мал Шаймерденов, Өмірзақ Мұстафаев, Мейірбек Нәмешов көптен көкейінде жүр­ген ой-пікірлерімен бөлісіп, аудан кө­ле­мін­­де орын алып жатқан олқылықтарды жою жөніндегі ақыл-кеңестерін де  жеткізді. Аудандағы бірқатар ауыл әкімшіліктерімен бөлімдерді аралап, ауыл тұрғындары мен кез­десіп, олардың ой-пікірлерін тыңдадым. Ел­ді мекендерде әлі де орындалуға тиіс түйт­кілдер бар екенін бағамдадым. Ауыз, ағын су, жайылым мәселесі, сондай-ақ, жол салу, табиғи газ жүйесін жүргізу секілді мә­селелер тиянақты түрде мықтап кірісуді та­лап етіп отыр. 
– Аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов қыз­метке кірісерде нендей мәселеге назар ау­даруды тапсырды? 
– Облыс әкімі кадр тағайындауда оның бі­лім­ділігі мен біліктілігіне, адалдығымен ар-ождан, моральдық тазалығы мен ұс­там­д­ы­лығына, бөгде, жат әдеттерден мей­лінше ау­лақ жастардан іріктеуді, бұл іске асқан жауапкершілікпен қарауымды талап етті. Екін­шісі, ауданға ауқымды инвестиция тар­ту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықты азайту, бюджетке түсетін түсім көздерін молайту қажеттігін ескертті. Қазіргі кезде бұл іс жүйелі түрде зерделеніп, алғашқы кадр жөніндегі резервтер даяр­ла­нып, олардың біліктілігін арттыру жө­нін­де жұ­мыстар жүргізілуде. Ал, ауданға инвес­тиция тарту мәселесі де оң шешімін тауып келеді. Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың өт­кен алты айының қорытындысы бойын­ша 2 млрд 497 млн 300 мың теңге инвес­тиция тартылды. Бұл жылдық жоспардың 49,9 пайызын құрап отыр. Сондай-ақ  об­лыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы ауданның әлеу­меттік-экономикалық дамуына да үлкен жанашырлық танытып келеді. Облыс әкімі Б.Атамқұлов іссапармен ауданда үш-төрт рет болып, қордаланып қалған проб­ле­ма­лар­дың шешу жолдарын көрсетіп қана қой­май, оның орындалуына ықпал етуде. Шіл­денің шыжыған ыстығына қарамастан, об­лыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы аудан орта­лы­ғын жаяу жүріп аралап, ауыл тұрғын­да­ры­ның мұң-мұқтажына құлақ асты. Өтініштерін ескеріп, аудан әкімдігінің на­зарын тұрғындар өтінішіне аударуды ес­керткені үлкен жанашырлық әрі қолдау деп білеміз. Аудан тұрғындары облыс әкімі 
Б.Атамқұловтың ел аралап, халыққа жақын жүргенін жақсылыққа балап, оған ілтипат­пен қарап отыр. 
– Қазығұрттық диқандар республика бойын­ша алғашқылардың бірі болып егінге орақ салды. Биылғы түсім көңілдегідей ме? 
– Үстіміздегі жылы аудан көлемінде 33784 гектарға бидай, 3164 гектарға арпа, 10008 гектарға мақсары, жалпы 83100 гек­тарға жоғарыдағыдай дақыл егілген бо­ла­тын. Ауа райының қолайлығынан биылғы жы­лы жауын-шашын көп болып, ылғал мол түсті. Егіннің шығымдылығы мен өнім­­ділігі де өте жақсы. Әзірге гектар түсімі 25 центнерден айналуда. Астық түсімі бұ­дан ­да жоғары болады деп күтілуде. Оған нақ­ты айғақ, диқандарымыз дер кезінде Үкі­мет тарапынан қарастырылған жеңіл­де­тілген бағада жанар-жағармай, минерал­ды тыңайтқыш алып, оны тиімді пайдалана білді. Орақ науқанын да сақадай-сай дайын­дықпен бастап та жіберді. «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары сәтті жүзеге асу­да. Мал басын өз төлі есебінен көбейту, мол тұқымын асылдандыру жұмыстары көңілге қонымды. Жеке шаруашылықтарды ірілен­діру ісі де өз деңгейінде жүзеге асырылуда. Бү­гін­гі таңға 8 өндірістік кооператив, 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 10 шаруа қожалығы, 4 жеке кәсіпкер өзара бірі­гіп, 22813 гектар егін алқабын, 20 гектар көп­жылдық екпені, 708 мүшесімен бірге иге­ретін болып шешті. Аудан көлемінде жы­лыжай көлемі мен тамшылатып суғару әді­сімен суды үнемдей отырып, өнім кө­лемін барынша арттыруға көңіл бөлінуде. Өндірілген бау-бақша өнімін сақтау мақ­са­тында Қызылқия елді мекенінен «Аман­гел­ді» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құ­ны 276,2 млн теңгеге заманауи 2 мың тон­налық жеміс-жидек пен көкөніс сақтау қой­масын іске қосты.
– Қазығұрттағы өндіріс орындары бәсе­ке­ге қабілетті ме?
– Ауданда өнеркәсіп саласын дамыту бас­ты назарда тұр. Осы бағытта Шарапхана ауыл округі, Майлыошақ елді мекенінен 40 гектар жерге 563,8 млн теңгеге инф­ра­құры­лым (газ, су, электр энергиясы, асфальт жол, телефон байланысы) жүргізіліп, Ин­дуст­риялық аймақ құрылды. Бүгінгі таңда жалпы құны 1627,4 млн теңгелік 6 жобаға 9,5 га жер телімі берілді. Оның ішінде: «Lotus Food Company L.L.C» ЖШС-ның құ­ны 471,0 млн теңгелік «Тез әзірленетін тағам­дар өндірісі» жобасының құрылысы то­лық аяқталып, іске қосу құжаттары рә­сім­делуде. Ал қалған кәсіпорындар құры­лыс жұмыстарын жүргізуде. Қосымша «Лотус Органикс» ЖШС-ның «Биохи­мия­лық тыңайтқыш пен құрама жем шығару жо­басын 3,5 гектар жерге жүзеге асыру көз­делуде. Бұл жобаны өңірлік үйлестіру кеңе­сінің отырысына қарауға құжаттар тап­сырылды.
Жалпы, Индустриялық аймақтағы іске асы­рылып жатқан өндіріс орындары өздері мар­кетингтік талдау жүргізіп, өнімге қа­жетті сұраныстарды зерттеп іске асыруда. Бұл өндіріс орындарының шығарған өнім­дері толық бәсекеге қабілетті болады деп сеніммен айта аламын. 
– Қазығұрт туризм саласын дамыту үшін қо­лайлы жер, осы бағытта қандай жұмыстар ат­қарылуда?
– Оныңыз рас. Табиғаты тамылжыған тұ­нып тұрған сұлу өлке. Жорытып жүрген түр­лі аң-құстары, көкпеңбек шалғыны мен оқ­тай бой түзеген шыршалар, сыңғырлап ақ­қан мөп-мөлдір бұлақтар, кәусар, саф ауа­сы қандай, шіркін. Облыста түрлі аңыз­ға ар­қау болған Қазығұрт тауы – бүгінде әлем сая­хатшыларының назарын өзіне аударт­қан қасиетті де, киелі тау. 
«Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса неге қалған» демекші жыл сайын Нұх пайғамбар кемесі қайырлап қал­ған Қазығұрт тауына, оның баурайын­дағы Ақбура әулие кесенелеріне зиярат етіп келуші туристердің қатары арта түсуде.Ау­данда туризм саласын дамытуға сұранып тұр­ған тарихи орындар көп. Осы жағын ескере келе 4 бағытта туризм саласын дамы­ту­ды жүйелеп отырмыз. Бірінші бағыт – Тұрбат елді мекеніндегі Ысмайыл ата, Ыс­қақ ата кесенелері болса, екінші бағыт – «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі, үшін­ші бағыт – Ақбура әулие кесенесі мен төр­тінші бағыт – Қазығұрт баурайындағы ке­ме қалған. Нұх пайғамбар кемесінің нау­байы. Міне, осы бағыттарда туристерге қа­жетті жағдайларды жасай отырып, олар­дың мүмкіндігінше қасиетті өңірдің таби­ғаты мен көрікті де, тарихи орындарымен те­реңірек танысуға мүмкіндік жасауға ын­талымыз. 2015 жылдың қорытындысы бойын­ша аталған туристік нысандарға 30194 адам келіп, тамашалаған. Биылғы жы­лы бұл одан да көп болады.
– Азаматтардың сізге кіруі қиын емес пе?
– Мемлекеттік қызметшілердің қыз­меттен тыс уақыттағы жүріс-тұрысы, мі­нез-құлқы қоғамның мемлекеттік ор­ган­дарға сенімін қалыптастырады. Сол үшін әрбір мемлекеттік қызметкер қай кезде бол­масын, жоғары моральдық әдеп норма­ларын сақтауы тиіс. Мен өзімді сол санат­тамын деп есептеймін. Арнайы жұмыс кес­тесіне сәйкес аптасына бір күн аудан тұр­ғындарын қабылдаймын. Ал өзінің кө­кейде жүрген мұң-мұқтажымен ұсыныс-пікір­лерін айтамын десе, есігім әркез ай­қара ашық. 
– Сіздің қызметтегі және өмірдегі ұста­нымыз қалай?
– Менің түсінігімде, қызмет – әрбір аза­мат­қа көрсетілген сенім. Демек, сенім үде­сі­нен шығып, еліңе, халқыңа қызмет ету – үлкен бақыт. Әрине, әріптестер ара­сында берік сенім, адалдық, мақсат-мүдде бір жерде тоғысып жатса, алынбайтын қа­мал жоқ. Бірлікте, ынтымақта болады. Ме­нің қысқаша түйінім осы.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Еркін ҚАЛДАН