Басты  /  Сұхбат  /  Ардагерлер қашанда алғы шепте жүреді

Ардагерлер қашанда алғы шепте жүреді

2818
Ардагерлер қашанда алғы шепте жүреді Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы:

Қазіргі уақытта мемлекет еліміздегі ардагерлерге көп қамқорлық жасауда. Алайда бұл салада не істелінді және қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Алдағы кезеңде қандай жоспарлар тұр, ардагерлердi толғандыратын нендей мәселелер бар? Бұл жөнінде біз «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевпен тілдескен едік. 

 

– Өмірзақ аға, қазіргі таңда ұйым­ның қанша мүшесі бар, ардагерлер елдің қоғамдық саяси қызметіне белсене араласып жатыр ма?
– Орталық кеңестің қызметі ел ішіндегі ғана емес, сонымен бірге одан тысқары жерлердегі де ірі саяси және әлеуметтік-саяси оқиғалармен тұспа-тұс келді. Бұл жылдар мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қоғамы­мызды реформалау және дамыту, жас мемлекетіміздің халықаралық аре­надағы беделін одан әрі нығайту жөніндегі ауқымды жобалары мен бастамаларын іске асырумен бай­ланысты жылдар болды. Бұл кезеңде ардагерлердің толық қолдауымен ел Президентін, Парламент депутаттары мен жергілікті билік органдарын сайлау болып өтті. Қазақстан әлемнің көптеген елiмен бірге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Отанымыздың тарихындағы басқа да маңызды оқиғаларды атап өтті. Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес, тәуел­сіздігіміз, демократиялық қоғам құру­дың түбегейлі қағидаттары нығаюда, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарыштап даму қамта­масыз етілуде. Әлемдік экономикалық дағ­дарыстың ықпалына және қазіргі за­манғы әлеуметтік-саяси үн қатуларға ақылға қонымды балама, жаңғыр­тудың кең қамтылған бағдарламасы қарсы қойылуда. 
Ұйым елде азаматтық қоғамның неғұрлым толысқан және беделді бө­лігін құрайтын, адамдар ең көп қаты­сатын бірлестік ретінде көрініп отыр. Оның саны 1,7 млн адамды немесе Қа­зақстанның барлық зейнеткер­ле­рінің 85 пайызын құрайды. Ұйым жақ­сы құрылымданған, оның құра­мында 16 өңірлік, 216 қалалық және аудандық және 9960 бастауыш бөлімшелер бар. 
– Орталық кеңестің ардагерлер ұйымдарына басшылық жасау әдістері де бұрынғыдай емес түбегейлі өзгере ме?
– Орталық кеңестің ардагерлер ұйымдарына басшылық жасау әдістерінің түбегейлі өзгеруі, дек­ларативтік міндеттер қоюдан тікелей басқаруға, жұмыстың нақты форму­ласына, айқын да анық іс-қимыл жасауға, жергілікті жерлердегі активті оқытуға және практикалық жұмысты ұйымдастыруға тікелей қатысуға көшуі жаңашылдық дер едім. 
Ішкі қатынастың дамуымен қатар, ардагерлік қозғалыстың мүд­десіне орай Орталық кеңестің сыртқы байланысы да даму үстінде. Мем­лекеттік органдармен: Президент Әкімшілігімен, Үкіметтің әлеуметтік блок кураторларымен, Парламент депутаттарымен өзара іс-қимыл нығая түсті. Білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерімен ын­тымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Мемлекеттік құрылым­дармен, Денсаулық сақтау және әлеу­меттік даму, қорғаныс министр­лік­терімен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлескен жос­парлар негізінде маңызды қоғамдық іс-шаралар өткізілді. «Нұр Отан» пар­тиясымен ынтымақтастық прак­тикасы іске асырылуда. Қазіргі заман тарихында тұңғыш рет діни бір­лестіктермен байланыс орнатылды, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл жолға қойылуда. 
– Бұл орайда ұйымның нығаюын­дағы басты себеп не деп айтар едіңіз?
– Алға қойған міндеттерге ба­рынша жауап беретін өз қатарымыз­ды және бірлігімізді ұйымдық жағынан нығайту, тиімді құрылымды және ішкі қатынасты дұрыс құра білу Орталық кеңес қызметінің арқасүйері болды. Осы мақсатта негізгі назар қоғамдық өмірдің барлық саласында ардагерлер құрылымдарын құруға, әсіресе, тұрғылықты жерлері бойынша құруға, «керексіз болып қалған» зейнет­керлерді ардагерлер қатарына тартуға, дербес есепке алу мен тәртіпті ретке келтіру есебінен мүшеліктің маңызын арттыруға шоғырландырылды. Осы мақсаттағы іс-қимыл бағытын қа­былдаған Орталық кеңестің II плену­мынан кейінгі уақыт ішінде 3 аудандық, 1369 бастауыш және 1867 цех­тық ардагерлер ұйымдары құ­рыл­ды, бұл басқа нәтижелермен қатар, ардагерлік ықпалға қосымша 200 мың зейнеткерді тартуға мүмкіндік туғыз­ды. Бұл жұмыс Атырау, Жамбыл, Оңтүс­тік Қазақстан және Павлодар облыс­тарында, Астана және Алматы қала­ларында белсенді түрде жүр­гізіледі. 
Ардагерлер қатарын нығайту жөніндегі бұдан былайғы қадамдар ұйымымыздың барлық буындарын қамтыған есеп беру-сайлау науқаны барысында жүзеге асырылды. Бас­тауыш, аудандық және облыстық ұйымдардың жиналыстары мен конференцияларының жұмысына ардагерлер құрамының 71 пайызы қатысты, 42 мыңнан астам адам сай­ланбалы органдардың қызметіне баға беріп, сын-ескертпелер, ардагерлер проблемаларын жою жөнінде ұсыныс айтып сөз сөйледі. Науқанды өткізу және кадрларды ротациялау бары­сында басшы органдардың құрамына таяуда ғана еңбек сіңірген демалысқа шыққан зейнеткерлер мен әйелдер көбірек сайланды. 
Көп жылдардан бері тұңғыш рет ардагерлер ұйымдарының мате­риалдық базасын нығайтуға нақты қадамдар жасалды. Облыс орталық­тарында 8 облыстық, ал қалалар мен аудандарда 63 Ардагерлер үйі салынды, олар қарт адамдардың белсенді диалог жүргізу алаңдарына және бос уақыттарын ұйымдастыру орталықтарына айналды. Астана және Павлодар қалаларында шағын аудандарда, зейнеткерлердің тұрғы­лықты жерлері бойынша ардагер­лердің шағын орталықтарын дамыту қолға алынды. 
– Ардагерлер кеңесі ұйым болға­нымен кадр саясатына да жеткілікті мән беріп отырған шығар...
– Орталық кеңес ардагерлік кадр саясатын өз тарихында тұңғыш рет басымдық ретінде айқындады, бұл мәселе бойынша кең көлемді қаулы қабылдады. Осы салада шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі енгізілген жаңалықтардан, сондай-ақ кейбір басшылардың қайта құру серпінінен кейін қалуынан туындайды. Тұтастай алғанда бірқатар жағдайларда ар­дагерлер лауазымына кандидатура­ларды айқындау кезінде мемлекеттік органдардың пікіріне басымдық берілді. Есепті кезеңде, оның алдын­дағы жылдардағыдай, сайланбалы органдардың құрамындағы ардагер­лер ұйымдарының көшбасында өмірлік және практикалық тәжірибесі зор талантты басшылар, көрнекті қоғам қайраткерлері, ардагерлер жұмысын сүйетін және білетін адамдар болғанын және бола беретінін атап көрсеткен жөн.
Орталық кеңестің есебі барысын­да республикалық ардагерлер ұйы­мының қалыптасуы мен даму та­рихына үлес қосқан, соңғы кездері еңбек сіңірген демалысқа шыққан аға ұрпақтың ардагер белсенділерін аттап өтуге болмайды. Олар – З.Әділ­беков, М.Подоляков, Е.Дал­бағаев, Г.Бер­дюгин, А.Жазин, Н.Му­раева, Г.Ла­пина, А.Еременко, Р.Шерьяз­данов және көптеген басқалар. Көп жылдардан бері беделді басшылар қатарында келе жатқан К.Үкин, С.Шаухаманов, Е.Шайхутдинов, К.Ри­зуанов, А.Әбілкайыров, И.Ко­мис­саров, Н.Вахитова, М.Сапарбаев, С.Өмі­рәлиева, А.Аманбаева, С.Бай­болов, А.Моисеева, Г.Құ­санова, В.Шершнева, Н.Сейдуалиев және басқаларымен қатар, «жаңа» өскіндер – жұмыста кәсіби деңгей мен жоғары серпінді көрсете білетін қазіргі заманғы ардагер менеджерлердің белсенді командасы пайда болды. Олардың қатарында И.Елеусізов, Ж.Мәу­ленқұлов, О.Төреғожин, Р.Шө­­кеев, А.Сыдық, Ш.Мыр­зам­сейітова,  А.Кора­бельников және басқалары бар. Ардагерлік жұмыстары үшін олардың көп­шілігінің мемлекеттік наградаға ие болуы кездейсоқтық емес. 
Кадр саясатын өзекті бағыттардың бірі ретінде қарастыра отырып, Орталық кеңес ардагер кадрларды оқытудың бүкіл жүйесін қайта құрды. Бес жылға жетер-жетпес мерзім ішінде Орталық кеңес облыстық кеңестермен бірлесіп, 1 мыңнан астам белсенділердің қатысуымен үздік ардагер ұйымдардың базасында 4 өңіраралық және 3 республикалық семинар-кеңес ұйымдастырды. Өткізілген іс-шаралар ел ауқы­мындағы жұмыстың озық әдістері мен тәсілдерін жарқын түрде көрсетуге ұласып, барлық ардагерлер қызметін жандандырудың жақсы көрінісіне айналды. Барлық облыстық, көптеген қалалық және аудандық оқулар орталықтың үлгісі бойынша ұйым­дастырылды. Есепті кезеңде 100 мың­ға жуық адамның қатысуымен бар­лығы 7 мың оқу іс-шаралары өткізілді. Қысқа мерзім ішінде біздің бүкіл активіміз оқудан және қайта даяр­лаудан үш рет өтті. Мұндай нәтижеге тұңғыш рет қол жеткізіліп отыр. 
– Ардагерлер де Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі түрде берілетін Жол­дауын насихаттау барысында ел ара­сында халықпен жиі кездесе ме?
– Ардагерлердің ақпараттық-насихаттық тобы Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында өздерін жақсы қырынан көрсете білді. Жалпы ал­ғанда олардың құрамында 2137 ардагер жұмыс істейді, ал олардың қызметінің негізгі нысанасы – Президенттің Жолдауын, мемлекеттің бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру жұмысы ой­дағыдай іске асырылуда. Ондаған мың ардагер белсенділер сайлау нау­қандарына қатысады, кандидаттардың сенімді өкілдері, штабтар мен сайлау комиссияларының мүшелері болып табылады, бірқатар ардагерлер 2016 жылғы мерзімнен тыс сайлау бары­сында Парламенттің және мәс­лихаттардың депутаттары болып сайланды. Белсенді дауыс беру, сайлаудағы жеңіс, сондай-ақ оларға аға буынның белсенді қатысуымен айқындалады.
Ардагерлер ұйымдары мен бел­сенділердің қызметінде халық ара­сында, ең алдымен жастар арасында патриоттық жұмыс жүргізу айрықша орын алады. Бұл тақырып «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясында көрініс тапқан, Орталық кеңестің пленум­дарында екі рет, Төралқаның оты­рыс­тарында бірнеше рет талқылан­ды, ардагерлер ұйымдарының барлығын­да басты мәнге ие. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығы патриотизмнің қайнар көзіне айналды. Бұл оқиға ардагерлер ұйымдарының жоспарында айрықша орын алды, мерейтойға дайындық барысында ғана мемлекеттік орган­дарға ардагерлік қозғалыс белсен­ділерінене 1 мыңнан астам ұсыныс жіберілді. Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында және оны тойлау барысында ардагерлер ұйымдары жалпы алғанда 22 мың қоғамдық іс-шара өткізді. Ар­дагерлер ұйымдарының қатысуымен «Мәңгілік полк» атты азаматтық бас­тама дамыды, әскери-саяси оқиға­ларды есте қалдыру мен қайта жа­ңартуға 1 мың эстафета, 5 мыңға жуық кон­ференциялар мен фестивальдер, ардагерлердің жастармен 12 мыңнан астам кездесуі өткізілді. 
Ардагерлер ұйымдарының баста­масы бойынша 255 жаңа ескерткіш пен саябақ ашылып, 3 мыңға жуық мемориалдық объектілер жөндеуден өткізілді және қайта жаңартылды, соғыс және оның батырлары туралы 1185 кітап, фильмдер шығарылды. ТМД елдерінде Соғыс ардагерлерінің жылы деп жарияланғандай, бүкіл жыл ішінде мамыр мерекесінен кейін де үлкен жұмыстар жүргізілді, Ардагерлер жылы форматында, сондай-ақ Мәңгілік ел идеясын көпшілікке таныту, жастарға жасалған үндеуді іске асыру мақсатында Орталық кеңес аудандық және қа­лалық ардагерлер ұйымдарының арасында патриоттық жұмысты үздік жолға қоюға арналған байқау-конкурс өткізді, ол бұрын-соңды болмаған қызығушылық және жоғары рухани көңіл күй туындатты, «Қайран ерлер, қаһарман ар­дагерлер!» атты ардагер көркем­өнер­паздардың тұңғыш рет өткізілген ауқымды байқау-фестивалі үлкен қызығушылық туғызды, оған 50 мыңнан астам ардагер қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша 41 ардагерге лауреат атағы берілді, 103 адам Орталық кеңес пен Мәде­ниет министрлігінің алғысымен марапатталды. Олардың барлығы қо­рытынды Гала-концерттің және Астана қаласындағы көрменің қаты­сушылары болды, ал Алматы, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының ұйымдары байқаудың жеңімпаздары деп танылды. 
Көптеген ардагер басқа да қоғамдық институттарда жұмыс істейді, 104 мың ардагер «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылады, олар тапсырмаларды адал орындайды. Қазақстан халқының ассамблеясында да еңбек сіңірген ардагерлер бар, олар кәсіподақтарда қоғамдық негізде жұмыс істейді, саяси партияларда, қоғамдық қорларда, басқа да ҮЕҰ-да еңбек етеді. Бұл, бір жағынан, ардагерлердің тәжірибесі мен ақылының қажет болып отыр­ғанын, екінші жағынан, белсенді өмірлік ұстаным олардың өмір жасын ұзартатынын көрсетеді. 
Есепті кезеңде ардагерлік қыз­меттің ең басты мақсатын құрайтын қарт адамдарды әлеуметтік қорғау, оларды моральдық және материал­дық қолдау жұмысы жалғасын тапты. Ол мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етудің қазіргі заманғы жүйесіне негізделеді, ал бірқатар жағдайларда ардагерлердің әртүрлі санаттары үшін биліктің жергілікті органдары белгілейтін елеулі же­ңілдіктермен толықтырылады. 
Мемлекеттің мүмкіндіктеріне сәйкес, осы уақыт ішінде зейнетақы мөлшері – 45, ал жәрдемақы – 35 па­йызға артты. Бұл ретте зейнеткер­леріміздің орташа айлық жиынтық кірістері көрші елдердегі осындай көрсеткіштерден айтарлықтай асып түседі. Соғыс ардагерлері, оларға те­ңестірілген санаттар, сондай-ақ тыл еңбеккерлері, бұрынғысынша, ерек­ше қамқорлыққа алынған. Жеңіс мерейтойы қарсаңында, бұрын мемлекеттен баспана алмаған 437 майдангерге пәтер бөлінді. Олардың өтінімдері бойынша 910 үй мен пәтер жөнделді. Соғысқа қатысушылардың барлығы және тыл еңбеккерлерінің бір бөлігі, барлығы 11 мың адам ком­муналдық төлемдерден боса­тылды, 200 мыңға жуық зейнеткерлер қоғам­дық көлікте тегін немесе жеңілдікпен жүріп тұрады. Жеңіс мерекесін тойлау қарсаңында Орталық кеңестің баста­масымен және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ көмегімен соғысқа қатысушы­лардың барлығы шұғыл көмек шақы­рудың «дабыл түймелерімен жаб­дықталды, оларды пайдалану арқылы 700 ардагердің өмірін құтқаруға мүмкіндік туды. 
Орталық кеңес, жергілікті жерлердегі ардагерлер ұйымдары бұл мәселелерді Үкіметтің, атқарушы органдардың алдына қойып жүр және қоюды жалғастыра береді. Қалып­тасқан жағдайда назарды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге, әсіресе, оған мұқтаждарға көмек көрсетуге аудару өзін-өзі неғұрлым ақтайтын шара болып табылады. Мұндай ұстанымды қолдай отырып, тыл еңбеккерлерін әлеуметтік қамтамасыз етуде қалыптасқан жағдаймен келісуге болмайды. Елімізде ардагер жұртшы­лықтың Жеңіске қол жеткізуге баға жетпес үлес қосқандарды, тым бол­маса соғысқа қатысқан адамдарды қамтамасыз ететін деңгейге ішінара жақындату жөніндегі өтініші тоқтамай тұр. Олардың арасында, әдетте, ең төменгі кірісі бар әйелдер, шалғай ауылда тұратын және тұрмыстық ең аз қолайлықтан мақұрым жалғызбасты және ауыратын адамдар көп. Бұл проблемалардың бір бөлігін жергілікті жердегі бюджетті пайдалана отырып та, сондай-ақ бюджеттен тыс көздер арқылы да шешуге болады және шешу қажет. Қорыта айтқанда, ардагер­лердің республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы саясаты мен Жол­дауын қуаттап, елдің дамуына бар ерік-жігерін жұмсап келеді. 
– Әңгімеңізге рақмет! 

 

Сұхбаттасқан 
Бейбіт ОСПАНОВ