Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ермегияев енді не істейді?

Ермегияев енді не істейді?

Жолдасбек Дуанабай
811
Ермегияев енді не істейді? Есеп комитеті «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының қаржылық қызметі тексерілмейтінін хабарлады. Бұл туралы ведомство басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлімдеді.

Айтуынша, комитет өздігінен тексеру жүргізе алмайды. Бірақ президент әкімшілігінен тиісті нұсқау түскен жағдайда компанияны тексеру жұмыстары көп күттірмейді. Ал тергеу уақытына үйқамаққа алынған Талғат Ермегияев алдағы 2 айды Есіл өзенінің жағасындағы зәулім үйде өткізеді. Үйдің консьержі бұрынғы шенеуніктің баспанасы үйдің 5-қабатын түгелдей алып жатқанын айтты.
Бұл подъезде 6 отбасы ғана тұрады. Ал мәселен, келесі подъезде 27 отбасы орналасқан. Күдікті тәулік бойы күзетте.
Оған Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлері туған-туыстары және қорғаушыларынан өзге біреумен тілдесуге тыйым салынған. Және байланыс құралдарын, телефон мен интернетті пайдалануға да рұқсат жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевтің үйқамағына алу туралы санкцияны Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты берген.
Мұндай бұлтартпау шарасын сотқа дейінгі тергеу органдары мен прокуратура ұсынған. Талғат Ермегияевқа Қылмыстық Кодекстің 176-бабы бойынша айып тағылып отыр.