Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қазақтар қапаланып отыр

Қазақтар қапаланып отыр

Жолдасбек Дуанабай
805
Қазақтар қапаланып отыр Ұлыбритания қазақтары ұл-қыздарының ана тілдерін ұмытып бара жатқанына алаңдаулы.

Кезінде тағдырдың жазуымен шет ел асып кеткен қандастарымыз балаларының тек ағылшынша сөйлеп жүргендерін көріп қынжылатындарын айтады.
Мұндай жағдай бүкіл шетелдік қазақтарға тән екендігін жасырмайды. Сондықтан олар Англияда қандастарының басын қосқан құрылтайлар өткізіп, өткір тақырыпты талқыға салып жүр.
Исмаил Кесижи - лондондық сән дизайнері. Бұған қосымша қоғамдық негізде Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасына жетекшілік етеді. Шетелдегі қазақтардың басын біріктіріп, ұлттық құндылықтарды насихаттайды.
Ана тіліміздің ұмытылуы әлемнің түкпір-түкпірін мекен еткен қазақтарға ортақ мәселе дейді ол. Тілдік орта болмағандықтан және қазақ тілдітелеарналар кең тарамағандықтан осындай жағдайға жетіп отырғандығын ашына айтады. Өзге тілде сөйлейтін қазақ жастарын көргенде тіпті намыстанамын дейді ол.
«Шетелде Қытай деген атақ алып жүрміз. Орысша сөйлейтін қытай деген атақ алып жүрсек, бұл қай қазақтың намысына тимейді?», - дейді Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының жетекшісі Исмаил Кесижи.
Кейбір қазақ жастары туған тілінен жеріп жатса, өзге ұлт өкілдері ұлы Абай тілін меңгеруге талап қылып жүр. Армениялық студент Леон Асланов қазақшаға судай болмаса да, алғашқы қадамдарын жасап үлгерген.
«Мені Орталық Азия халықтарының мәдениеті қатты қызықтырады. Әсіресе, Қазақ елінің. Мен жүрегі қазақ деп соғатын қазақ студенттерімен бірге білім аламын. Олар маған тіл үйретіп жүр», - дейді UCL университетінің студенті Леон Асланов.
«Біз өзге ұлт студенттеріне қазақ тілін үйретіп, олардан басқа тілдерді үйренетіндей ойларымыз да бар», - дейді UCL университетінің студенті Сәкен Олжабаев.
Лондондық тіл жанашырының атамекенге көшкісі бар. Бірақ балалары келіспейді екен. Жалғыз ғана амалы - университет бітірген ұлдарын тіл үйренуге Қазақстанға бір жылдық курсқа жіберіп алу. Сондай-ақ ақсақал қазақ келінінен дәмелі.
31 арна