Негізгі бет  /  мақалалар  /  Кеспеден қорғасын табылды

Кеспеден қорғасын табылды

Жолдасбек Дуанабай
794
Кеспеден қорғасын табылды Nestle компаниясы Үндістан билігінің Maggi кеспесінің сатылуына салған тыйымынан соң құны $50 млн. астам тұратын аталған тағам қорын жоймақ, деп хабарлайды Би-би-си.

Айта кетейік, үнді билігі бұдан бұрын елде көп тұтынылатын аталған макарон өнімдерін денсаулыққа зиян деп танып, Nestle компаниясын азық-түлік қауіпсіздігін сақтамағаны үшін айыптаған болатын. Компания бұл тыйымға қатысты мәселені Мумбайдың жоғарғы сотында даулап жатыр.
Бұған дейін Үндістанның бірнеше штатында Maggi өнімдерінің құрамынан мөлшерден тыс қорғасын табылғаны туралы жария етілген соң компания өз өнімдерін дүкен сөрелерінен ала бастаған. Сондай-ақ өнім құрамынан оның қаптамасында көрсетілмеген натрий глутаматы анықталған. Nestle басшысы Пол Бал зертханалық тестілерді мұқият зерделеп, өз өнімдерін дүкен сөрелеріне қайта қайтаруға ниетті.
Жылдам дайындалатын бұл кеспе өнімі Үндістан нарығының 80%-ын жаулап алған.