Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әйелдердің де үлесі үлкен

Әйелдердің де үлесі үлкен

Айқын-ақпарат
1061
Әйелдердің де  үлесі үлкен Ұлттық комиссияның алдында әйелдерді еліміздің қо­ғамдық-саяси және экономи­калық өмірінің барлық салаларына барынша тарту жөнінде маңызды міндет қойылған.

Қарағандыға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары, Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Тарасенко және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Сүлеймен Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында Ұлттық комиссияның басшылары Қарағанды облысының әкімі 
Н.Әбдібековпен кездесіп, өңірдегі әйелдердің саяси және экономикалық салаға қатысуы және Мемлекет басшысының елді нығайту үшін белгілеген бес институционалды реформаны жүзеге асырудағы әйелдердің үлесі туралы мәселелер талқыланды.

«Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жол­дауында белгілеген басым ба­ғыттарды, сол сияқты бес инс­титуционалдық реформа­лардың міндеттерін қолдай отырып, біз оларды іске асыруға әйелдер бел­сене қатысады деп нық сенім­мен айта аламыз. Ұлттық комиссияның алдында әйелдерді еліміздің қо­ғамдық-саяси және экономи­калық өмірінің барлық салаларына барынша тарту жөнінде маңызды міндет қойылған. Біздің негізгі жұмысымыз өңірлік деңгейдегі жұмыстарды күшейтуге арналады, бұлар – әйелдердің жұмысқа орна­ласуын қамтамасыз ету, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арт­тыру, әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау, Жаңа экономикалық саясат аясында әйелдерді барлық инфрақұрылымдық жобаларға тарту» деді Е.Тарасенко.
Қарағанды облысының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі комиссияның кеңей­тілген отырысы өтті. Сондай-ақ комиссия отырысына селекторлық режимде қала және аудан әкім­дерінің орынбасарлары, жергілікті және өкілетті органдардың бас­шылары қатысты. Отырыста «Облыс өңірлерінде ерте некеге отыру және ана мәселелерін шешу туралы», «Қазақстан Республи­касында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және ру­хани-адамгершілік құнды­лық­тарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлт­тық іс-шаралар жоспарының орын­да­лу барысы туралы», «Абай ауданы­ның әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демогра­фиялық саясат жөніндегі комис­сияның жұмысы туралы» мәсе­лелер қаралды. Қоғамның ру­­хани-адамгершілік дамуы, отба­сылардың, жастардың бүгінгі әлеуметтік мәселерін шешу туралы мәселелер талқыланды. 
Л.Сүлеймен: «Біз бүгін дөң­гелек үстел жүргізуден бас тартып, елмен нақты жұмыс істеуге көшу, олардың қажеттілігін білу және осы мәселелерге биліктің назарын аудару, тұрмысы қолайсыз контин­гентпен тікелей байланысқа кө­шуі­міз керек, қазіргі кезде біздің қоға­мымызда жиі орын алатын теріс факторлардың, балаларға зор­лық-зомбылық және қаты­гез­дік көр­сету, өзіне-өзі қол жұм­сау, неке­ге ерте отыру, жасөс­пі­рім­дік жүктілік және т.б алдын алу бо­йынша пәрменді шараларды қол­дануымыз керек» деп атап көрсетті. 
Ұлттық комиссия төрайы­мының орынбасарлары Қарағанды және Теміртау қалаларында әйелдер басқаратын бірқатар әлеу­меттік нысандарға барып қайтты. «Карагандинский мелькомбинат» ЖШС, «Шапағат» балалар үйі, өмірде қиын жағдайға тап болған әйелдерге арналған «Мой дом» дағдарыс орталығының жұмысы­мен танысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығына барып қайтты.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы