Негізгі бет  /  мақалалар  /  Аралас некенiң азабы

Аралас некенiң азабы

Жолдасбек Дуанабай
1351
Аралас некенiң азабы Орыстар ойбайлап жатыр. Өйткені аралас некенің неге апарып соқтыра­тыны медициналық тұрғыдан дәлелденіпті.

Сондықтан да болар, орыс қызының кө­рінгенге қолжаулық болуын, әлем аралап кетуін «дұрыс емес» деп бағалаған ға­лымдар енді «Не істеу керек?» деген сұ­-рақ төңірегінде толғанып жатыр. Яғни «қорғанып жатыр». 
Кейбір білгіштер «аралас некеден ірі, денсаулығы мықты, талантты балалар дү­ниеге келеді» деген пікір қалыптасты­ру-да. Мұны айтып жүрген қазақ ғалымдары да бар. Бірақ бұл тұқым қуалайтын құ­былыс емес екен. Тұқым қуалау тек өз ұлтыңның қанынан қалыптасып, ұр­пақ­тан ұрпаққа кете береді. 
Керісінше, аралас некеден туылған баланың сіз күткендей емес, генетикалық жағынан алғанда ақылы кем, жүйкесі жұқарған болуы да мүмкін көрінеді. Екін­шіден, қанда бар жақсы қасиеттер жоға­лады, бөгде мінез-құлық қалыптасады, түр-түсі өзгеріске ұшырайды, тегінде бар тектілік жоғалады. 
АҚШ-та отау құрған ақ пен қара нә­сіл­ділердің арасында жүргізілген зерт­теулер нәтижесінде, тұқым қуалайтын дерт­тер 1,5 есе өскені анықталған. 
Белгілі ғалым O.Ботвиньевтың айту­ын­ша, аралас неке кезінде гендер кешені бұзылады, жаңа комплекс био­ло­гиялық жағынан әлсіз болады. Соның сал­да­ры­нан ауру асқынады, балалар өлімі көбе­йеді, өмір сүру ұзақтығы азаяды. 
Тағы сол, көршіміз төңірегінде айта­лық. Генетика-ғалым Ольга Курбатова тек Мәскеудің өзінде аралас некенің шектен тыс артқанын, бұл орайда ерлерге қарағанда орыс қыздарының алды-ар­ты­на қарамай, өзге ұлттың етегінен ұстай бе­ретінін айтады. Бұл жағдай жалғаса берсе, енді 100 жылдан соң мәскеулік орыс­тарды «нағыз орыс» деп айта ал­май­сың (осындай құбылыс қазақтар ара­сын­-да да қалыптасуда). 
Мәскеу руханият академиясының про­фессоры Андрей Кураев: «Шын мә­нінде, ұлтаралық неке бұл орыс халқына қарсы жасалған геноцидтің бір формасы» деп бағалайды. Сонымен қатар дін­та­ну­шы Израил үкіметінің еврей ұлтының өз­гелермен некелесуіне қарсы мемлекеттік саясат ұстанып отырғанын ерекше атап өткен. Осы жерде Түрiкменстан билігі-нің елден қыз алған шетелдіктердің мем­лекет қазынасына 50 мың доллар қаражат құй­дырып отырғанын құлаққағыс жаса­ғы­мыз келеді. 
Әрине, Ресейде қыздар мен жігіттер­­-дің өзгелерге көз тігуіне қарсы заң жоқ. Бірақ қоғамдық ұйымдардың алаңда­уында негіз бар. Орыстар тым болмаса қазақ халқы секілді руға да бөлінбейді. Осының өзі ұлтқа залал келтіріп отыр-
ған көрінеді. Ендігі жерде Ресейден тыс аймақ­тардағы орыстардан үміт аз. Алайда оларды қазір ұстап тұрған мемлекеттің мықты саясаты. 
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес Қазақстан Респуб­ли­касы азаматтарының шетелдіктермен не­месе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Рес­публикасының тіркеуші органдарын­да Қазақстан Республикасының заңна­масына сәйкес жалпы негіздерде не не­ке­ге отыруға тілек білдірген адам азаматы болып табылатын шет мемлекеттің дип­ло­матиялық өкілдігінде, консулдық ме­кемесiнде жүргізіледі.
Шетелдікпен некеге отыру туралы өтініш берумен бір мезгілде шетелдік өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға рұқ­сатты, егер мұндай рұқсат алу шет мемле­кеттің заңнамасына сәйкес талап етілсе, ұсынуға тиіс.
Қысқасы, «қызға қырық үйден тыйым» болмай тұр. Ал желөкпе жігіттердің жүрісі және бөлек. Осыған қарап отырып, «ара­лас неке қазақ қоғамына не әкеледі?» де­ген сұраққа жауап іздедік. Расын айтсақ, бұл құбылыс қазаққа зияннан басқа еш­теңе әкелмейді. Біріншіден, өзіміз аз ұлт­пыз. Сондықтан өзгелерге «жұтылып» ке­теміз. Екіншіден, өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қызының «күйеуін қазақ етіп жіберді» дегенін естіп пе едіңіз? Жоқ. Демек, олардан өрбіген ұрпақтан пайда болмайды. Мынадай мысал айталық: 1940 жылы Кеңес Одағы өзінің құрамында өмір сүріп жатқан 130 ұлтқа зерттеу жүр­гізіліпті. Сонда «Орыстармен үйленген басқа ұлт өкілдері қанша екен?» деп сұ­раққа жауап іздегенде, Қазақстан екінші орынға шығыпты. Осы көрсеткішінің үде­месе, азайған емес. 
Бүгінде жыл сайын шамамен 100 мың неке қиылса, оның 20 пайызы аралас неке көрінеді. Кейбір қоғамдық ұйымдардың зерттеуі 8-20 жастағы қазақстандық қыз­дардың үштен бірі шетелдік жігітке күй­еуге шыққысы келетіндігін көрсеткен. Де­­мек, бойжеткендердің 50 пайызы – қа­зақ қыздары.
Дерек пен дәйек көп. Оны айта бер­геннен май шықпайды. Сондықтан нақты іске көшіп, ұлтты сақтайтын, отаншылдық рухты оятатын, болашағы зор саясат ке­рек. Оны қалыптастыруға әр қазақ үлес қосуға мүдделі болуы тиіс.