Негізгі бет  /  мақалалар  /  Атыраудағы қоныс тойы

Атыраудағы қоныс тойы

Айқын-ақпарат
854
Атыраудағы  қоныс тойы Атырауда жаңа 240 пәтерлік үйде қоныс тойы тойланды. Жергілікті атқарушы билік уәдесінде тұрып, жуырда құлап қалған бес қабатты жатақхананың тұрғындарына да осы жаңа тұрғын үйден пәтер берді.

Қаланың сәулетті ықшамауданындағы тоғыз қабатты бір бөлмелі пәтерлерге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
100 жас азамат, жуырда қабырғасы шытынап, құлаған, апатты деп танылған Баймұқанов көшесіндегі №39 үйде тұрған 65 от­басы және мүмкіндігі шектеулі жандар мен ауған соғысы арда­герлері қол жеткізді.
Жаңа қонысқа ие болған тұрғындарды құттықтап, оларға пәтер кілтін табыстауға келген облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхам­бетов «ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарды қолдау мақсатында оларды пәтермен қамту мәселесі жалғаса береді» деп айтты. 
Жаңа қонысқа қоныстанып, көңілдері шаттыққа толған жастардың Елбасыға, жергілікті билікке алғыстары шексіз екеніне куә болдық. С.Қазыбаев атындағы балалар үйінің тәр­биелену­шісі Қайырғали Шаймардан Атырау сервис колледжінің жа­тақханасында бес жылдан бері тұрып келген. Оқу орнының жа­тақханасы студенттерге лайықталып салынғанмен, жеке баспанаға жетері жоқ екені сөзсіз. Көптен күткен қуанышты күні Қайырғали пәтер кілтін алып тұрып, облыс әкімі Бақты­-қожа Ізмұхамбетов пен қала әкімі Нұрлыбек Ожаевқа риза­шы­лығын білдіріп, өз атынан Алғыс хат ұсынды. 
Қаладағы Баймұқанов көшесі №39 үй-жатақхананың тұр­ғындары да жаңа қонысқа ие болғандарына сене алмай, қуа­ныштан естері шығып жүр. Апатты үйден соң, жаңа пәтерге қо­ныс аударғандардың барлығының да Елбасыға, аймақ бас­шысына айтар алғыстары көп. 
Жалпы, аймақ басшысы Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, 
биыл облыста 1734 пәтерлі 27 тұрғын үй тапсырылады. Соның ішінде облыс орталығында 1194 пәтерлі 18 тұрғын үй пайдалануға бе­рілмекші. Шілде айында жас отбасыларға арналған 90 пәтерлік үй­дің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Айтарлығы, өткен жылдан бастап аудандарда да көп қабатты үйлердің құрылыс­тары басталды. Бұл соңғы ондаған жылдар бойы жүзеге аспа­-
ған жұмыс десек, артық айтқанымыз емес. 

Тұрсын ҚАЛИМОВА