Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әрбір қадам ақылы болады

Әрбір қадам ақылы болады

Қайыржан ТӨРЕЖАН
908
Әрбір қадам  ақылы болады Қазақстан аумағын кесіп өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі келесі жылдан бастап ақылы болады.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ха­лықаралық транзиттік дәліздің Қазақстан аумағындағы жалпы ұзындығы 2787 ша­қырымды құрайды, оның 2452 километрі – қайтадан салынатын бұрынғы жол. Қа­зақ­станның бір басынан кіріп, екінші жағынан бір-ақ шығатын тақтайдай күре жолдың құ­рылысы әлі толықтай біткен жоқ, деген­мен тиісті органдар оның ақылы болатын­дығы туралы, әр шақырымға жүргінші қанша тө­леу керектігін қазірден бастап айтып, ха­лық­тың құлағын үйретіп жатыр. Жолды пай­далану ақысының тарифі әлі бекітілген жоқ, бірақ жолаушылар үшін жанармайдан басқа қосымша тағы шығын­дануына тура келеді. Егер жолдың әрбір шақырымына бір теңгеден төлеп отырған күннің өзінде елі­міздің шығысынан ба­ты­сы­на дейін баратын жеңіл көліктерден та­лай қаржы түседі екен. Бұл қаржы жол құ­рылысының шығынын жабуға және жол инфрақұрылымдарын дамытуға жұмсалмақ.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тран­зит­тік көлік дәлізінің құрылысы біткен 
224 шақырымдық учаскесі – Оңтүстік Қа­зақстан облысында. Қазіргі кезде мұнда көлік магистралінің Шымкент – Тараз, Шымкент – Ташкент бағыттарындағы бө­лік­тері салынып жатыр. Жол құрылысы толықтай 2022 жылы аяқталады деп жос­парланған. 
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Оң­түстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Мұхтар Дүйсенбековтiң бас­па­сөз арқылы таратқан мәліметтері бой­ын­ша, көлік иесі 200 теңге төлеп автома­ги­страль­мен 160 шақырым жүре алады. Та­риф кө­ліктің салмағына және оның кла­сына қарай әртүрлі болмақ. Яғни салмағы ауыр жүк кө­ліктері мен жолаушылар та­сымалдайтын көліктерге қарағанда жеңіл машиналар жолақыны аз төлейді. Жол бой­ымен әрлі-берлі күн сайын жолаушылар тасымал­дай­тын көліктерге басқа тариф қолданыла­тын болады, олар әр километрге 1 теңгеден 5 тең-
­геге дейін төлейді немесе ал­дын ала айына 5 мың теңге төлеп, авто­магистральды ер­сі-лі-қарсылы, күндіз-түні пайдалана беруге мүмкіндік алады. Оңтүстік Қазақстан об­лысы аумағымен өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бой­ында жүр­гінші көліктерден ақша жинай­тын 600 бе­-
­­кет тұрады. Сондықтан автома­гистраль­мен жүретін бірде-бір көлік ақы төлемей өте ал­майтын болады. 
Өткен жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік автомагистралін салып жатқан құрылысшылар сарапшылар тара­пынан 600-ден астам ескертулер алған болатын. Оған 63 елді мекеннің 642 тұр-ғыны және 12 құрылыс компанияларының 1461 жұмысшылары қатысты. Мамандар негі­зі­нен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі өтетін төрт облыстағы жұмыс­тарды тексерген. Жол салушы құрылыс компа­ния­лары жарты мыңнан астам ес­кер­тулер бойынша жұмыс істеп, қате кеткен жер­лерін түзетіп жатыр. 
304 шақырымды құрайтын Алматы – Қорғас бағытындағы магистральдық жол, Алматы – Талдықорған бағытына баратын жолдар келесі жылдың көктемінде аяқта­лады деп жоспарланған. Содан кейін бұл жолдардың әрбір шақырымына жолау­шылар ақша төлеп жүретін болады. Бірақ ақша төлей алмайтындар үшін нашар да болса ақысыз, жанама жол болуы тиіс. Әр­бір нәрсенің альтернативасы болуы керек қой, деген пікірді айтады тұрғындар.