Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жабық кештерге жиі келетін арулар

Жабық кештерге жиі келетін арулар

Жолдасбек Дуанабай
1236
Жабық кештерге жиі келетін арулар Астанадағы жабық кештер мен ойын-сауықтарда ең қалаулы қонақ саналатын арулар тізімін Comode.kz сайты жариялады.

Бота @Bota_o70

Бұл ару – нағыз құпия жандардың бірі. Көркі көздің жауын алатын Ботагөз – Астанадағы ақсүйек ханымдардың алғашқы шебінде. Біреулер оны футболшының әйелі десе, бірі бойжеткенді дәулетті жанұядан шыққан дейді. Бүгінде Ботаның жеке парақшасына 57 000 адам жазылып қойған.

Айгүль @Aigulferrari

Айгүл — итальяндық бутиктің қожайыны. Қызыл түсті сүйетін Ferrari брендінің жанкүйері. Бойжеткен жеке парақшасына 9000 жазылушы жинап үлгерген.

Бота @Abal_lamis_

Сұлулығымен талайдың таңдайын қақтырған Бота – екі баласы бар отбасылы жан. Ол барлық дерлік іс-шаралардан қалмауға тырысады. Ботаның Instagram парақшасына  15 000 жазылушы тіркелген. Ханым өз ақыл-кеңестерімен, сән әлеміндегі жаңалықтарымен тұрақты түрде бөлісіп тұрады.

Динара Дос @Dinara_dos

Фотосессиялар ұйымдастыру қызметін ұсынатын New Capital Faces компаниясының негізін қалаушы. Динара – жабық кештер мен сәндік іс-шаралардың жиі қонағы.

Саида Адилова @saida_adilova

Дене бітімі 85–64–95 болуымен сән әлемінде көзге түскен ару Eat Models сән агенттігінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, Саида «II вице-мисс Азиада» атағының иегері. Екі жыл бұрын Miss Asia Moscow-2013 атағын жеңіп алған.

Сабина @Sabina_sadvacassova

«Aquarella» кафесінің арт-директоры Сабинаның Астанадағы ақсүйектер кештерінде көзге түскеніне көп болмады. Ханым жабық кештерде жиі байқалып жүр.

Әлия Валерьевна @AliyaValerevna

Тоқылған бас киімдер дизайнері Әлия Астанада танымалдылыққа ие. Оның киімдері астаналық арулар арасында сұранысқа ие.

Камиша @iamkamisha1

Unique and Space шоу-румының өкілі. Оның ерекше киіну стилі талайдың көзіне түскен.

Әйгерім Рыспаева @Aigerim.ryspaeva

«Жас ана академиясы» әлеуметтік жобасының негізін қалаушы әрі Mama City журналының редакторы Әйгерім аналар үшін қызықты қауымдастық құрған.

Карина Каренина  @karina_karenina777

Әнші Карина Каренина – жабық кештер мен іс-шаралардың жиі қонағы. Әншіліктен бұрын тележүргізуші болған Карина бүгінде музыка әлеміне толықтай берілген.

nur.kz