Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қайыршылық қалай келді?

Қайыршылық қалай келді?

Жолдасбек Дуанабай
869
Қайыршылық қалай келді? Допинг қолданғаны үшін өмір бойына спорттан аластатылған белгілі америкалық экс-велоспортшы Лэнс Армстронг 100 млн долларынан айырылып қалуы мүмкін.

Қазіргі таңда Армстронг US Postal велокомандасында бірге сайысқа түскен әріптесі Флойд Лэндиспен және АҚШ үкіметімен соттасып жатыр. Егер сот шешімімен Армстронг жеңілетін болса, бүкіл дүние-мүлкінен айырылады.
Ол Cycling Weekly басылымына берген сұхбатында: «Егер бұл істе жеңілетін болсам, біз бұдан былай дәл осылай менің үйімде емін-еркін әңгімелесіп отыра алмаймыз. Тіпті, ол кезде менің үйім де болмайды. Себебі, сотта жеңілсем мен 100 млн доллары бар адамдардың қатарында болмаймын», деді.
Сондай-ақ, Армстронг барлық жанкүйерінен кешірім сұрады. «Маған сенген, жанкүйер болған, қолдау білдірген, қандай жағдай болсын қорғаған адамдардың бәрінен кешірім сұраймын. Олардың соншалықты ықыластарын біле тұра, соңында бәрін сатып кеттім. Бұл ісім үшін қатты өкінемін. Егер әр жанкүйеріме барып, жекелей кешірім сұрау мүмкін болса, дәл солай жасар едім», дейді ол.
Лэнс Армстронг допинг дауына дейін велоспорттағы даңқты спортшылардың бірі болды. «Тур де Франс» көпкүндігін жеті мәрте жеңіп алған ол допинг қолданғанын мойындағаннан кейін барлық атақ-даңқынан айырылғаны белгілі.
BNews.