Негізгі бет  /  мақалалар  /  Педофилдерді піштіретін болдық

Педофилдерді піштіретін болдық

Жолдасбек Дуанабай
771
Педофилдерді піштіретін болдық Қазақстанда 3 мыңдай зорлықшылар, оның ішінде 150 педофил бар. Олар әлі ұсталған жоқ.

«Ресми статистика бойынша, соңғы 5 жылда 3 мыңдай зорлықшы әлі анықталған жоқ және еркіндікте жүр, олырдың ішінде 150-ден астам сәбилерді зорлаушылар бар», - деді Бас прокурордың орынбасары Нұрмұханбет Исаев заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында.
«Жүгенсіздікті сезінген ондай тұлғалар жылдар бойына ауыр және аса ауыр қылмыстар жасап жүруі мүмкін. Қостанай облысында 2014 жылы сәуірде кәмелетке толмаған жас қыз баланы ұрлап әкетіп, жыныстық зорлық жасаған Лесниковтың ісі соның айғағы», - деді ол.
Нұрмұханбет Исаевтың айтуынша, Лесников тергеу барысында 2012 жылы жыныстық қылмыс жасап, тағы үш әйелді өлтіргенін, оның ішінде кәмелетке толмаған бір қыз баланы өлтіргенін мойындапты.
«Өкінішке қарай, бұл оқиға қызметкерлердің кәсіби біліктілігінің төмендігінен болып отырғанын мойындауымыз керек, себебі ол бірінші құрбан жоғалған сәтте-ақ назарға іліккен екен», - деді Нұрмұханбет Исаев.
Бұл ретте ол зорлықшылар мен педофилдерді іздестіруде полицейлер көп жағдайда шара қабылдамайтынын қадап айтты.
КазТАГ