Негізгі бет  /  мақалалар  /  Үсенов үптеген қаржы - 214 млн теңге

Үсенов үптеген қаржы - 214 млн теңге

Жолдасбек Дуанабай
816
Үсенов үптеген қаржы - 214 млн теңге Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновті үйқамаққа алу жөнiнде шешiм шығарды.

Қазiргi уақытта ол «ЭКСПО-2017» шарасының кеңесшiсi қызметiн атқаруда.
Қажымұрат Үсенов 214 000 000 теңге көлемiнде бюджеттiк қаражатты қолды қылды деп күдiктелуде. Тергеу мәлiметтерi бойынша, 2014 жылдың басында Үсенов «Southfork» компаниясының атқарушы директоры С. Б. Сеитовпен және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның лауазымды тұлғаларымен бiрге ЭКСПО - 2017 көрмесiн Астанада өткiзуге арналған және оларға сенiп тапсырылған iрi көлемдегi қаражатты қалтаға басу мақсатында қылмыстық жоспар құрады.
Кейiн Қажымұрат Үсенов «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның лауазымды тұлғаларымен бiрге ол пиғылды iске асыру үшiн «Southfork» компаниясын ашық тендерден жеңiмпаз етiп шығарады.
2014 жылдың мамыр және қазан айлары аралығында «Southfork» компаниясы көрме құрылысы жүруi тиiс жер телiмiн қоршауға кiрiседi. С. Б. Сеитов материалдық байлыққа кенелу мақсатында ай сайын акт жасау барысында жұмыс және материал құнын қасақана жоғары көрсетiп отырған.
Осы аралықта үлкен көлемде қаражат түскен және ол кейiн банктан шешiлiп отырған. Қазiргi уақытта тергеу жалғасуда.
Еске сала кетсек, БАҚ Астанада Мақсат Үсеновтің әкесі құрықталғанын жазған еді. Кейін оның ресми түрде ұсталғаны де белгілі болды.
"Казинформ" АА