Негізгі бет  /  мақалалар  /  Үндістанмен байланыс күшейеді

Үндістанмен байланыс күшейеді

Айқын-ақпарат
889
Үндістанмен  байланыс күшейеді Үндістанда жұмыс сапарымен жүрген «ҚТЖ»ҰК»АҚ президенті Асқар Мамин, сол елдің теміржол көлігі, кеме қатынасы және автожол министрліктерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Кездесу барысында «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін дамыту есебімен екі ел арасында көліктік әлеуетті айқындау және Үндістан мен Еуразия құрылығындағы ірі нарықтар арасындағы тауар ағынын қамтамасыз ету үшін тиімді логистикалық тізбек құру мүмкіндігі мәселелеріне баса назар аударылды.

 

А.Маминнің кеме қатынасы және автожол министрі Нитин Гадкаримен және Үндістанның теміржол көлігі министрі Суреш Прабхумен кездесуі барысында екі ел арасындағы көліктік ын­тымақтастықты  дамыту  бола­ша­ғы талқыланды, сондай-ақ  «Оң­түстік – Солтүстік» көлік  дәлізінің бір бөлігі ретінде, Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол дәлізінің орасан зор әлеуетін пайдалану арқылы тауарлар қозғалысын жеңілдетуге және Үндістан нарығына шығуды қамтамасыз етуге бағытталған келісімдерге қол жеткізілді. 
Сонымен қатар Үндістанның бизнес-ортасына арналған,  80-нен астам өнеркәсіптік және көліктік ассоциациялардың  басын қосатын Үндістан сауда-өнеркәсіп палатасы Феде­рациясының кеңсесінде,  аймақта экспорттық-импорттық опе­рацияларды жүзеге асыру үшін логистикалық мүм­кіндіктердің таныстырылымы  өтті. 
Мундра теңіз портына барған ҚТЖ делегациясы даму жо­басы­мен танысып, ірі логис­тикалық компаниялармен келіссөздерге қатысты. 

«ҚТЖ»ҰК»АҚ баспасөз қызметі