Негізгі бет  /  мақалалар  /  Сәрiнжiпов сәл еңкейсе, не болады?

Сәрiнжiпов сәл еңкейсе, не болады?

Жолдасбек Дуанабай
995
Сәрiнжiпов сәл еңкейсе, не болады? Депутат Азат Перуашев егер Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрінжіпов өз қатесiн мойындап, бүкiл депутаттық корпустың алдында кешiрiм сұраса, тараптардың бiтiмге келуi мүмкiн екенiн мәлiм еттi.

«Егер ол мұны шай iшiп отырғанда айтса, мәселен, мен мән бермес едiм. Бiрақ бұл сөздi ол ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарына айтты. Мұндай әрекет үшiн жаза қылмыстық кодексте қарастырылған. Егер ол менiң жеке өзiмнен емес, бүкiл депутаттық корпустың алдында кешiрiм сұраса, тараптардың ымыраласуы мүмкiн болады. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына, не болмаса депутаттардың алдына шығып, өзiнiң қатесiн мойындауы керек. Барлығымыз да, мен де қателесiп жатамын. Қателiктi уақытында түзеген маңызды», - дедi депутат.
Депутат аталмыш жағдай министр және өзі үшін де сабақ болғанын атап өтті.
«Мен онымен араласпаймын, бұрын да жиi көрмейтiнмiн. Ол жас, болашағы зор министр деген үмiттемiн. Бiрақ, мұндай саяси қателiктерге жол бермеген абзал. Ол үшiн де, мен үшiн де бұл жағдай сабақ болады деген ойдамын. Билiк бұтақтары арасындағы қарым-қатынас саяси мәдениет негiзiнде болуы тиiс», - деп есептейдi Перуашев.
Айта кетейiк, бүгiн 10 маусымдағы баспасөзде депутаттың бұл шағымы Iшкi iстер министрлiгiнiң қарауына жолданғаны хабарланды.

BNews.kz.