Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әлемнен оқшауланып қалған халықтардың бірі - моңғол қазақтары

Әлемнен оқшауланып қалған халықтардың бірі - моңғол қазақтары

Айқын-ақпарат
978
Әлемнен оқшауланып қалған халықтардың бірі - моңғол қазақтары Ғаламтордағы «Ofigenno.cc» басылымы әлемнен оқшауланып қалған халықтар туралы материал жариялады. Солардың бірі – моңғол қазақтары.

Сенесіз бе, әлемнен оқшауланып қалған, өркениет игіліктерінің көбісінен мақұрым қалған халықтардың бірі Моңғолиядағы қандастарымыз болып шықты. Және оқшаулануы жағынан, яғни, оқшау тірлік ететін халықтардың  арасында тізім бойынша бірінші орында тұр. 

 

 

 

 

1. Қазақтар

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Әлемнен оқшауланып қалған қандастарымыз Моңғолияның кісі аяғы баса бермейтін таулы аймақтарында жартылай көшпелі тірлік кешеді. Наймандар, арғындар және дулаттардан тұратын қандастарымыз саят құрып, мал шаруашылығымен шұғылданады.

2. Хули

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Папуастар тобынан тарайтын тайпа, Жаңа Гвинеяның таулы аймақтарында өмір сүреді. Сырттан келіп, мазалайтын келімсектер мен әуесқойларды қорқыту үшін бет-жүзін ақ, қызыл ждәне сары түсті бояулармен бояп алған. Бастарына һз шашынан жасалған жасанды шаш (парик) киген.

3. Горокаен бор

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Бұл тайпаның өкілдері де Жаңа Гвинеяны мекен етеді. Олар аңшылықты және ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруді кәсіп еткен.  Олар да хулилер секілді боянып алады.

4. Маори

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Жаңа Зеландияның байырғы халқы. Ғалымдар олардың тарихи бастауын ХIV ғасырдың бас кезіне жатқызып жүр. Маорилердің би мәдениеті дамыған және тәндеріне түрлі-түсті сурет салдырады, яғни, таутировка.

5. Самбуру

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Самбуру тайпасының өкілдері Кенияның солтүстік бөлігінде мекен етеді. Малмен бірге өріп, жайылымдарын 5-6 аптада ауыстырып отырады. Көшпелі тірлік салтын ұстанады.

6. Рабари

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Рабарилер Үндістанның батысында өмір сүреді. Мал шаруашылығымен шұғылданады. Малдың жүні, еті, терісі, сүті – олардың негізгі табыс көзі.

7. Гаучо

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Аргентинадан шыққан субэтгикалық топ. Бір қарағанда олар аңызға айналған америкалық ковбойларға ұқсайды. Бұл тайпаның ер-азаматтары қарусыз жүрмейді және ат үстінен түспейді десе болады.

8. Каро

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Эфиопиядағы Омо жазығының тумалары болып келеді. Бұлар да мал шаруашылығымен айналысады. Өте өте қонақжай, меймандос халық.

 

8. Банна

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Бұл тайпаның өкілдері де Эфиопияны мекен етеді. 45 мыңнан аспайды. Бұл тайпаның өкілдері де түрлі-түсті бояумен боянып алғанды жақсы көреді.

9. Ненцтар

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Ресей Федерациясы аумағында, дәлірегі, Солтүстік Мұзды мұхиттың жағалауынан Таймырға дейінгі Коль түбегінде тірлік етеді. Бұл халықтың өкілдері суыққа бейімделген: ауа температурасы 50 градустан төмен қақаған аязға да шыдамды келеді. 

islam.kz