Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мөлдір неге жылады?

Мөлдір неге жылады?

Айқын-ақпарат
845
Мөлдір неге жылады? «Кешкі кездесу» бағдарламасына қонаққа келген әнші, актриса, әрі продюсер Мөлдір ханым түсірілім барысында көңілі босап, көзінен аққан жасы тыйылмай қойды.

«Тастандылар тағдыры» деген тақырыпты қозғаған бағдарламаға ешкімі жоқ жетім-жесірлер келіп, ата-анасыз өмір сүрудің қандай болатыны, оларды бір көрсем деген армандары туралы айтқан болатын.
Әке-шешесі жоқ бүлдіршіндердің қиналып, сағынып, зарыққандарын жүрегімен сезіп, көзімен көрген Мөлдір сол жерде басынан аяғына дейін көзіне жас алып, жылаумен уақытын өткізді.
Олай дейтініміз, бір кездері Мөлдір Есентаеваның «Ғашық жүрек» фильмінде жетімнің рөлін сомдағандықтан, олардың жан дүниесін жақсы түсінеді. Сол үшін болар еріксіз жастың тамшылары тоқтаусыз келе берді.
Болашақта әншінің арманы жетімдер үйінен бала асырап, қамқорлығына алып, тәрбиелеу деп жазыпты өнер иесінің фан клуб парақашасында.
Nur.kz