Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Әлжуаз» елдерді асырау қажет пе?

«Әлжуаз» елдерді асырау қажет пе?

Сейсен ӘМIРБЕКҰЛЫ
876
«Әлжуаз» елдерді асырау қажет пе? 1 қаңтарда жұмысы басталған Еуразиялық экономикалық одақтың қорытындысын шығару әлі ерте.

Ең құрығанда, толыққанды бір жылға толған соң ғана жетістігі, не болмаса кемшілігі жөнінде сөз етуге болар еді. Қазіргі күні ЕАЭО-тың әлеуеті қандай? Қандай жетістіктер бар? Қай елдер мүшелікке өтті? Кімдер ЕАЭО-қа мүше болуға үмітті болып отыр? 

Сұрақ көп. Ал жауап сондайлық тұщым­ды емес. Өйткені түрлі санкциялардың әсері ме, соңғы кезде одаққа мүше елдер арасындағы сауда айналымы төмендеп кетті. Мұны мемлекет басшыларынан бас­тап, сарапшыларға дейін мысалға келті­-руде. Бірақ бұған қарап, ЕАЭО-ны түкке алғысыз етуге болмас. Көш жүре келе тү­зелмек. Еуро­­одақта бүгінгі деңгейге бір күн, бір жыл­да жетпегені мәлім. Мәселен, 1951 жыл – көмір мен болаттың Еуропалық бірлестігі, 1957 жыл – ортақ нарық, тек 80-жылдардың соңы мен – 90-жылдар­-
дың басында Маастрихт келісіміне қол жеткізіп, Еуропалық одаққа бірікті. Ортақ валюта 2000 жылдары енгізілді. 50 жылдық тарихы бар. Ал оның жанында ЕАЭО әлі «жөргекте» жатқан сәбимен тең. Соған қа­рамастан кейбір сарапшылардың айтқа­нына назар аударатын болсақ, ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құруға 40-тан астам елдің ұмтылып отырғаны көрінеді. Егер жағ­дай осылай жалғасатын болса, ЕАЭО Еуро­одақтың өзін ығыстыратын болады дейтін­дер де баршылық. Қайдам? Өйткені кеше ғана ЕАЭО құрамына енген Армения мен Қырғызстан Ресей, Қазақстан және Бе­ло­рус­сия сияқты қуатты ел ме? Саяси құры­лы­мы, экономикасы әлеуетті ме? Өкі­нішке қарай олай емес. Сондықтан «атал­мыш екі ел сияқты хал-ахуалы төмен елдерді то­пырла­тып мүшелікке алып, саяси тұрғыдан қараны көбейтуге болар, ал экономикалық жағынан алғанда мешеу, арамтамақ елдер­-ді «асырау» өте тиімсіз» дейтіндер де бар­шылық. Шындығы сол, санкциялардан әл­сіреген Ресей мен Қазақстан экономи­ка­лары өздерінен де әлжуаз ойыншыларға де­меу бола ала ма? Нақты жауап айту қиын­дау. Әрине, ЕАЭО керегі Вьетнам секілді (кеше ғана Бурабайда Еуразиялық эконо­микалық одақ пен Вьетнам социалистік республикасы еркін сауда жүргізу туралы келісімге қол қойды) жедел дамып келе жатқан елдер. Бүгінде ЕАЭО-ға өтуге бірін­ші кезекте барлық Кавказ республика­-лары, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан мүдделі. Тіпті Түркия мен Үндістан, Пәк­стан да Еуразиялық экономикалық одақ-
қа оң көзбен қарайтыны белгілі. Бір қара­ғанда, одақтың келешекте маңызы зор. Мүмкіндігі шектеусіз. Бурабайда өткен ТМД-ға қа­ты­су­шы мемлекеттердің үкімет басшыла­рының жиынында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ықпалдастыққа балама жоқ деп санаймын, сондықтан біз тиісті үдерістерге бастамашылық етіп отыр­мыз. Еуразиялық экономикалық одақ жұ­мыс істеп тұр. Бүгінгі қиындықтарға қара­мастан, мен оның болашағы зор деп се­не-
­мін» деп мәлімдеді. Рас, ЕАЭО көптеген елдердің қызығушылығын тудыратын бе­делді сауда-экономикалық бірлікке айна­лып келеді. Түрлі елдермен сауда-эконо­микалық байланыстарды жоспарлы түрде дамыту, олармен қызметтесу туралы келі­сімге отыру ортақ нарықтың кеңеюіне мүм­кіндік берері сөзсіз. Дегенмен одақтың әлеуетін арттыру үшін, мүшелікке алғаш­-қы кезде әлжуаз елдерді тартқаннан гөрі, саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да әлемде өзіндік салмағы бар Түркия, Үн­дістан секілді алпауыттарды қатарға алған жөн болар еді. Әйтпесе, Армения, Қырғыз­стан секілді мешеу мемлекеттерді демейміз деп жүріп, өзіміз демігіп қалмаймыз ба? 

Сайын БОРБАСОВ, саясаттанушы:
– Кім не десе де, ЕАЭО-ның керегесі кеңейіп, дамығаны бізге тиімді. Ал «әлжуаз» деп танылған Қырғызстан мен Арменияға келсек, «мүше болам дегендерді өзектен те­буге болмайды». Қырғызстанның ЕАЭО-ға енуіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен еңбек сіңірді. Қырғыз бізге бауырлас ел. Көрші ел. Шындығын айту керек, соңғы оншақты жылда бұл елдің шекесі қызбады. Бірнеше мәрте мемлекеттік төңкеріс, ұлтара­лық қақтығыс дегендей. Осыдан келіп экономика күйреді. Саяси құрылымы оңбады. Ал Назарбаев «осындай күйде отыр­ған бауырлас елдің жағдайы түзелсін, қатарға қосылсын» деп бауырға тартты. Бұл Елбасының өте оңды қадамы. Шынды­ғында, көршіміздің дүрлікпей тыныш отыр­ғаны бізге де қауіпсіздік тұрғыдан алғанда тиімді. Ал Арменияның біз үшін бес тиын­дық пай­дасы жоқ. Ол елді қатарға тартқан Ресей. Онда да саяси мақсатпен. Өйткені Армения Ресейдің Кавказдағы буфері. Ол ел Әзірбай­жанмен Таулы Қарабақ үшін дүр­дараз. Ал Әзірбайжан қазір қатты күшейіп келе жат­қан мемлекет. Сондықтан Армения амалсыз Ресейдің айтқанына көнді. Одаққа мүше болды. Өйткені әлдеқандай жағдай бола қалса, Ресей қорғайтыны белгілі. Ал Түр­кия, Үндістан сияқты елдердің ЕАЭО-қа мүше бола қоюы екіталай. Бұлар әлемдік деңгей­дегі «ойыншылар». Оларға ЕАЭО гөрі Батыспен жақсы болған тиімді. Орен­тирді солай жасап отыр. Өйткені заманауи тех­нологияның бәрі Батыста. Солай десек­те, ЕАЭО-тың болашағы бұлыңғыр деп айта алмаймын. «Көш жүре келе түзеледі» деген сөз бар емес пе? Демек, ЕАЭО та уақыт өте келе даму жолына түсері анық.