Негізгі бет  /  мақалалар  /  716 келі есірткі тәркіленді

716 келі есірткі тәркіленді

Айқын-ақпарат
831
716 келі есірткі тәркіленді Шу стансасындағы желілік полиция бөлімінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері «Көкнәр – 2015» жедел-алдын алу шарасы барысында Шу стансасында марихуана есірткі затының ірі көлемін анықтады.

Көлік полицейлері «марихуана» жабайы есірткі өсімдігі жиі өсетін Шу-Құмөзек өткелінде Жамбыл облысының 36 жастағы тұрғыны­нан жалпы салмағы 716 келі болатын аса ірі көлемдегі «кептірілмеген марихуана» есірткі затын тауып, тәркіледі. 

Сөйтіп, тағы бір есірткі арнасы жойылды. Қазір ұсталған азамат Шу станциясындағы уақыт­ша ұстау изоляторына қамалды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы, 4-бөліміне сәйкес (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өт­-кізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ескерте кетейік, Көліктегі ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 5 айында 49 келі есірткі қылмысын анықтады, оның 17 фак­тісі өткізуге және 5-еуі есірткі затын заңсыз тасымалдауға қатысты. Сондай-ақ заңсыз айналымда жүрген 850 келіден аса әртүрлі есірткі заттары табылып, тәркіленді. Оның 8,5 келіден астамы – героин. Қыл­мыстың алдын алу мақсатында желілік полиция бөлімінің Есірт­кі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері жедел әрі қырағы жұмыс істеуді одан әрі жалғастыруда. 

 

Өз тілшімізден