Негізгі бет  /  мақалалар  /  Аяғын сындырып алды

Аяғын сындырып алды

Жолдасбек Дуанабай
886
Аяғын сындырып алды Швейцарияда велосипедпен серуендеп жүргенінде аяғын сындырып алған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Бостонға келді.

Мемдепартаменттің ақпаратында Керри бостондық әуежайдан түсіп, емделуін жалғастыру үшін бірден Массачусетс ауруханасына барғаны айтылған.
71 жастағы Керри Альпіде аяғын жарақаттап, одан кейін тікұшақпен Женева ауруханасына жеткізілген болатын. Мемлекеттік хатшының аяғын сындырып алуына байланысты апта басында Мадрид және Парижге белгіленіп қойған сапарлары кейінге қалдырылды.