Негізгі бет  /  мақалалар  /  Көк ту жабындыға айналды

Көк ту жабындыға айналды

Жолдасбек Дуанабай
865
Көк ту жабындыға айналды «Өскеменде бағбан әйел, көршілерінің айтуынша, бақшасындағы көкөністерінің үстіне мемлекеттік туды жауып жүр», - деп хабарлайды YK-news.kz.

Тұрғындардың айтуынша, олар бағбан әйелдің бақшада жабынды ретінде мемлекеттік туды пайдаланып жүрген әрекетінің куәсі болған. Қазір ол жабынды жаңбырдан кейін кебуі үшін жіпте ілініп тұр. "Центр" серіктестігі бағбандарының айтуынша, мемлекеттік рәміз кескінделген жабындыны ол әйел осы маусымда пайдалана бастаған. Куәгерлердің айтуынша, ол туды жаңа егілген көкөністерінің үстіне төсеп қойыпты.

"Ту кеше ғана көшеттерге жылы болуы үшін доғаларға ілулі тұрды. Қазір жіпте ілініп тұр. Біз бұл Галинаға мемлекеттік рәмізбен бұлай істеуге болмайды деп бірнеше рет айттық, бірақ ол агрессивті түрде жауап берді, немен жапқым келсе, сонымен жабамын дейді. Бұл сонда қалай болғаны, бүгін тумен қызанағын жапса, ертең не болады? Полицияға хабарлау керек шығар", - деп өз наразылығын білдірді көрші саяжайда тұратын зейнеткер Алексей.

Сонымен қатар, бағбанның көршілері оның үйінде тудың бірнешеуі барына сенімді. Бірақ әйелдің оны қайдан алғаны белгісіз."Саяжай иесімен кездесіп, сөйлесу өкінішке қарай мүмкін болмады", - делінген жарияланымда.