Негізгі бет  /  мақалалар  /  Атырауда арулар бар осындай...

Атырауда арулар бар осындай...

Жолдасбек Дуанабай
1198
Атырауда арулар бар осындай... «Атырауда жартылай жалаңаш қыздар көшеде іш киімді жарнамалады», - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Редакцияға ұялы телефонмен түсірілген видео кадрларын оқырман жіберді. "Атыраудағы Махамбет көшесінде әйелдерге арналған іш киім осылай жарнамаланды. Бұл жарнама қалалықтардың назарын аударды, бірақ жарнама жасаушылардың мақсаты әйелдер болуы керек еді", - деп жазды басылым.

Бір минутқа созылатын видеода жартылай жалаңаш қыздардың дүкен маңында би билеп жатқаны көрінеді. Бұл әйелдердің іш киімін сататын"Бюстье" дүкенінің алдында болған оқиға.

 

kaz.tengrinews.kz