Негізгі бет  /  мақалалар  /  «100 қадам» – болашаққа құрылған жүйелі жоспар

«100 қадам» – болашаққа құрылған жүйелі жоспар

Айқын-ақпарат
891
«100 қадам» – болашаққа құрылған жүйелі жоспар Сайра ЖИЕНБАЕВА, Қыздар педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

– «100 нақты қадам» толығымен ел экономикасын көтеруге арналған бағдарлама дер едім. Нақтылап айтар болсақ, «2050» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған стратегиялық жоба. Мұнда саяси және экономикалық реформалар көзделген. Және оларды қалай жүзеге асыруда көрсетілген. «100 нақты қадам» жоспары жүзеге асатын болса, онда сөз жоқ, Қазақстан жаңа бір асуды алған болар еді. Оған шүбә келтіруге болмайды. Бұл ұзақ мерзімді жоспар. Саясат пен экономика егіз деп ұғамын. 

Белгілі бір деңгейде саясат экономикаға, ал экономика сая­сатқа әсер ете алады. Дегенмен президентіміз қашан да эконо­миканы бірінші орынға қойып келді. Қазір де солай. Бұл өз жемісін бермей жатқан жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл «100 нақты қадамы» алдағы уақытта Еуразиялық экономи­калық одақ мүшелеріне де қатысты болмақ. Саясаты мен эко­но­микасын алға дамытамын деген ел «100 нақты қадам» жоспарын өз елдерінде де жүзеге асыруға тиісті. Өйткені бұл бірегей бағдарлама. Ақиқатын айтар болсақ, «100 қадам» – болашаққа құрылған жүйелі жоспар. Мемлекеттің мәртебесін еселейтін жол. Озық 30 елдің қатарына жетелейтін бастама. Жаһандық тұрақсыздық пен ішкі-сыртқы сын-қатерлерден сүрінбей өтудің бағыт-бағдары. Оны жүзеге асыру ел дамуын одан әрі қарышты етері сөзсіз. Бұл жоспар жедел түрде жүзеге асы­рылатын шығар деп ойлаймын. Қысқасы, бұл мо­дер­ни­зациялауға бағытталған кешенді, жүйелі жоспар. Оның ішінде мемлекеттік жүйені реформалау, мемлекеттік басқару жүйесін реформалау, сот, экономика сынды бірқатар жүйелерді реформалауға бағыт­талған. Яғни бұл тек қана белгілі бір сала немесе бір бағытпен шектелмейді. Толықтай жүйелі модернизацияны іс жүзіне асырудың жоспары. Сонысымен құнды.