Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жауапкершілікпен істеген жұмыстың нәтижесі үлкен

Жауапкершілікпен істеген жұмыстың нәтижесі үлкен

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ
963
Жауапкершілікпен істеген жұмыстың нәтижесі үлкен Ағымдағы жылдың 5 айлық қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақ­стан облыстық филиалы оңтайлы нәтиже­лерге қол жеткізді.

Ағымдағы жылдың қаң­тар-мамыр айлары бойынша 751 988 540 теңге көлемінде жұмыс атқарылды.

– «Қазақавтожол» РМК-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 3414 ша­қырым қашықтықта республикалық ма­ңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізеді, – дейді «Қазақав­тожол» РМК-ның ШҚОФ директоры Өмір­зақ Ерембаев мырза. – Филиалда 
12 бірлік жол-эксплуатациялық бөлімшесі жұмыс атқарады. Аталған бөлімшелердің негізгі қызметтері – республикалық ма­ңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұс­тау. Сонымен қатар 25-ші, 28-ші, 71-ші жол-эксплуатациялық бөлімшелерінде 
3 бірлік асфальтты-бетон зауыттары және 30-шы жол-эксплуатациялық бөлімшесін­де битумды базасы іс атқарады. Филиалдың техникалық базасына тоқталсақ, 179 бірлік жол құрылыс жұмыстарына арналған тех­ника және 37 бірлік қар тазалау жұмыс­та­рына бағытталған арнайы техника жұмыс атқаруда.
«ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы» АҚ-ы атқарылатын жұмысқа тапсырыс бе­руші болғандықтан, ай сайын жоспар­лық-тапсырма береді. Жоспарлық-тапсырмаға сәйкес орындалған жұмыстар негізінде әр айдың аяғында тапсырыс берушіге есеп беріледі. 
Жалпы, филиал бойынша 480 адам қыз­мет атқарады. Оның ішінде 67 адам ин­женерлік-техникалық қызметкерлер, қал­ған 413 адам өндірістік жұмыс атқарушы­лар. Барлық инженерлік-техникалық қыз­­­меткерлер жол құрылысы мамандығын меңгерген білікті мамандар. Жалпы, «Қа­зақавтожол» РМК-ның ШҚ облыстық фи­лиалында жол құрылыс саласында бір­-не­ше жыл қызмет етіп, еңбек сіңірген аза­­мат­тар мен азаматшалар баршылық. Айта кететін болсақ, 29-шы жол-экс­плуа­та­ция­лық бөлімшесінің басшысы Гүл­рай­хан Мұхамадиева жол құрылыс саласының білікті маманы деп ауыз толтырып айтуға болатын, ұжымы мақтан тұтатын азамат­шалардың бірі. 1976-1979 жылдар аралы­ғында жол-құрылыс саласына бағыттан­дырылған оқуымен қатар 1978 жылдан бастап шебер ретінде жұмысқа орналаса-ды. Міне, сол кезден бері 37 жыл бойы жол са­ла­сында бас шебер, жол қорының ин­женері, прораб ретінде қызмет атқарған. Қазіргі таңда «Қазақавтожол» РМК-ның ШҚ облыстық филиалының күрделі бөлім­шелерінің бірінде басшылық етіп отыр. Гүл­райхан Закарьянқызы жолды күтіп ұс­тау бойынша ғана емес, күрделі жолды жөн­деу, жолды қайта қалпына келтіруде тәжірибесі мол маман. Тіпті кез келген жол-құрылыс техникасын жүргізе ала­тындығы барлығымызға мәлім. Тағы бір беткеұстар маманымыз 33-ші жол-эксплуа­тациялық бөлімшесінде шебер ретінде қыз­мет етіп жүрген Марат Аханов. Бұл маман 1974 жылдан бастап 41 жыл бойы тек осы жол-құрылыс саласына қызметін арнаған тұлға. Ерінбей еңбектенудің арқа­сында қарапайым жол жұмысшысы 1991-1993 жылдар аралығында жол-құрылыс сала­сы­на бағыттандырылған оқуын тәмам­дап, содан берi шебер ретінде қызмет етіп ке­леді. Бі­лікті маман, өз ісінің шебері жас ма­ман­дарға берер тәжірибесі мол азаматтың бірі. Марат Аханов жол-құрылыс саласында сіңірген мол еңбегі үшін аудан, облыс, рес­публика деңгейінде бірнеше рет алғысхат­тармен марапатталған. Біздің саламызда білікті механизаторлардың, машинистердің болуы, олардың жұмысты сапалы орын­дауы өте маңызды шаруа. Мекемеде ондай мамандар жеткілікті, солардың бірі 71-ші жол-эксплуатациялық бөлімшесінің авто­грейдер-машинсті Әубәкір Нүсіпов деген азамат. 1983 жылдан бастап 32 жыл бойы тек осы жол-құрылыс саласында қызмет етіп келеді. Жол құрылыс саласында сіңір­ген мол еңбегі үшін облыс, республика деңгейінде бірнеше рет алғысхаттармен ма­рапатталған. Әубәкір Нүсіпов «Қазақав­тожол» РМК-ның 10 жылдық мерейтойына байланысты медальмен марапатталған. 
2015 жылға 140 000 шаршы метр  ойықты жамау жұмыстары, 1290 бірлік жол бел­гілерін қою, 1200 метр қисық сызықты брусты жөндеу және қою,  1100 шақырым жолдың жүру бөлігін таңбалау жоспарда бекітілген.
Қазіргі уақытта 46 496 шаршы метр  ойықты жамау жұмыстары орындалды. 
614 бірлік жол белгілері қойылды, 792 метр қисық сызықты брус жөнделіп қойылды. 450 шақырым жолдың жүру бөлігін таңба­лау жұмыстары орындалды.
– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде  «Нұрлы жол» бағдарламасы Аста­надан «шұғыла қағидаты бойынша» тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылым қа­лып­тастыруға бағытталған. Ұлттық қордан 2015-2017 жылдары 500 миллиард теңге бө­лінеді, соның 180 миллиард теңгесі биыл пайдаланылады. Алайда биліктің тағы  бір қатаң талабы бар. «Жол құрылысына  тек отандық кәсіпорындар жұмылдыры­ла­ды. Жұмысты өз жұмысшыларымыз орын­дауы керек» деген болатын. Елбасы­мыз отандық жолшыларға үлкен сенім артып отыр. Біз сол үмітті ақтағымыз келеді. Оған бізде техникалық жағынан да, ғылыми тұрғыдан да мүмкіндік мол. Мамандарымыз білікті, тәжірибелі. Жол саласының қыр-сырын әбден меңгерген, –  дейді  мекеме басшысы Өмірзақ Маманұлы. 
Жұмысты үйлестіру, оның оң нәтижесін көрсете білу  тікелей сол мекеменің бас­шысына  байланысты. Жастайынан осы са­ла­ның қыр-сырын үйреніп, бүгінде тә­жірибелі маман ретінде қалыптасып,  бас­шылық қызмет атқарып отырған Өмірзақ Ерембаев мырза үлкен өмір тәжірибесінен өткен. Осы саладағы еңбегі бағаланып, тиісті құрмет-қошеметке де бөленіп отыр­ған жайы бар.  Оның өмірдегі ұстанымы – жауапкершілікті сезіну, ұқыптылық, та­лапшылдық, көпшіліктің тілін таба білу.  Бұл – жұмыстың нәтижелі болуына үлкен  септігін тигізетін қасиеттер.