Негізгі бет  /  мақалалар  /  Отандық өнім шетелге шығарылады

Отандық өнім шетелге шығарылады

Айқын-ақпарат
1141
Отандық өнім  шетелге шығарылады Ақтөбеде «Жаңа Әлжан» диірмен-ұн комбинаты «Granum» сауда белгісі­мен жоғары сұрыпты ұн мен макарон өнімдерін шығара бастады.

Бұл отандық өнім ел ішінде ғана емес, Еуразиялық одақ аясында кең таралып, сұранысқа ие болатын өнім. Жаңа өндіріс орны өңірде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылды­ғы жобасы аясында іске асырылды. 
Шетелдіктер жиі мақтайтын ұн са­пасы енді сұранысқа орай шығарыла бастады. Ақтөбе қаласындағы «Жаңа Әл­жан» диір­мен-ұн комбинатының ди­рек­торы Қанат Тапаевтің айтуынша, бұл жаңа маркалы ұн мен макарон қа­зақ­стандық брендке айна­лады. Ел ішін­де ғана емес, Еуразиялық одаққа кең таралып, отандық өнімнің бә­секеге қа­білеттілігін арттырады. Соған орай ком­пания арнайы тұсаукесер рәсімін өткі­зіп, оған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, қалалық кә­сіпкерлік бөлімінің басшылығы мен өңір­дегі супер­маркет иелері мен тара­тушы компаниялар қатысты. 
– Біздің мақсатымыз – адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту, отбасы­ның тамақтану сапасын көтеру. Cон­дық­тан елі­мізде алғашқылардың бірі болып Үкіметтің және Азия даму банкі­нің қолдауымен жаңа сұрыпты ұн шы­ғаруды қолға алдық. Ұн от­басы мүше­лерінің денсаулығының жақ­сы болуына септігін тигізеді, – дейді ком­пания директоры Қанат Тапаев. «Granum» ол – қазақстандық бренд. «Жаңа Әл­жан» диір­мен-ұн комбинаты шығарған ұн мен ма­ка­рон сауда белгісі сапа та­лаптарына сай өн­діріледі. ГОСТ және HASP стандарт­та­рына сай, түрлі ассор­тиментті, қолжетімді баға және көзтартарлық дизайн. Әрі ұн түр­лі дәрумендермен байытылған. Мәселен, ұнда темір, мырыш, фоли қышқылы және 
В дәрумендері бар. 
– Әрқайсысының құрамы мен қажет­тілігі әрқилы. «Экстра» сұрыпты ұнын түрлі қажеттілікке жаратуға болады. Бірінші сұ­рыпты ұн тәтті тоқаштар мен дәмді торттар пісіруге ыңғайлы. Сонымен қатар құймақ­қа, ыстық тамақ пісіруге арналған ұнның сұрпы да бар. Түрлі тағамға арналған төрт түрлі ұнды қазір Қазақстан бойынша тек біздің комбинат шығарады, – дейді компа­ния директоры Қ.Тапаев. 
Қазір «Жаңа Әлжан» диірмен-ұн ком­бинаты жылына 12 мың тонна макарон шы­ғаратын фабриканы іске қосу жолында еңбек етіп жатыр. Мұнда қатты сұрыпты бидай ұны пайдаланылады. Негізінен, ұн комбинаты 1999 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Комбинатта италиялық «Ocrim» және швейцариялық «Buhler» құрал-жабды­ғы­ның көмегімен тәулігіне 550 тонна ұн өн­ді­ріледі. Қазірдің өзінде Орта Азия елдері Ақтөбеде шығарылатын ұнды алып отыр. Ресейдің Орынбор, Самара, Челябі облыс­тары отандық өнімді жоғары бағалап, тап­сырыс беруін тоқтатқан емес. Ал жаңа фабрикадан шығарылатын өнімнің көбі экс­портқа бағытталған. «Біз нарықты зерт­теп, сатып алушылардың сұранысын білдік. Алты ай бойы сыртқы нарыққа шығу жолын да нақтыладық. Қазақстандық, сондай-ақ шетелдік сарапшылар жұмыс істеп, жаңа брендтің Еуразиялық талапқа сай келетін атын, өнімін дайындады» дей-
ді компания басшысы. Оның айтуынша, 1997-1998 жылдар аралығында Дүние­жү­зілік даму банкі мен Еуропалық даму банкі зерт­теу жүргізіп, халықтың сұранысы мен ден­саулығын зерделеген. Ел Үкіметіне йод қо­сылған ұн мен тұз шығару да осы зерт­теуден соң ұсынылды. Ақтөбелік кәсіпкер тал­дауды негізге алып, Қазақстанның ғана емес, алыс, жақын шетелдің сұранысына орай өнім шығарып жатыр. Әрі өңірдегі көлік-логистикалық орталықтардың да­-муы комбинаттың өнімдерін шетел асыру­-ға бағытталған жұмысын жеңілдетті. Ре­сей­ден өтіп, Парсы шығанағы арқылы Иран мен Біріккен Араб Әмірліктеріне жету жос­парланған. Алғашқы өнім жіберіліп, қолдау да табылды. 
Ал Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Мұрат Давлетовтың айтуынша, компания мемлекеттік қолдауға ие. Жаңа қорап пен еуропалық атау сапа мен баға талабын орындап, сұранысты арттыруға септігін тигізетініне сеніммен қарайды. Қа­ла­лық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Анар Даржанова тұсаукесерге қатысып, бизнестің дамуы, шаһардағы кәсіпкерліктің өсуі деп бағалады. 
Алтынай САҒЫНДЫҚОВА, Ақтөбе облысы