Негізгі бет  /  мақалалар  /  СӨЗ ҚАЗЫНАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ

СӨЗ ҚАЗЫНАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ

Жолдасбек Дуанабай
897
СӨЗ ҚАЗЫНАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ Гуманитарлық ғылымдардың бірегейі – тіл білімі ұлттың этнолингвистикалық құндылықтарын, рухани байлығын тану мен танытуға, дүниетанымдық ұстанымдары мен пәлсапалық тұжырымдарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге үлес қосады.

Оның лексикография саласының тарихымен, теориясымен айналысып, өзіндік мектеп қалыптастырған филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзаберген Малбақов жақында асқаралы 60 жасқа толды.

 

Мырзаберген Малбақов 1955 жылы 5 ма­­мырда Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданы Бө­­гетсай ауылында дүниеге келді. С.М.Киров атын­­дағы (қазіргі әл-Фараби атындағы) мем­ле­кеттік университеттің филология факуль­те­­тінде білім алды. 1981-1982 жылдары – 
Қа­зақ мемлекеттік Кітап палатасында тех­­­­­никалық редактор, 1982-1986 жылдары – респуб­ли­ка­лық Кітап музейінде ғылыми қызметкер, бө­лім меңгерушісі қызметтерін атқарып, тә­жі­рибе жинақтаған М.Мал­бақов­тың нағыз ғалым­дық қызметі ҚР Ғылым ака­демиясының Тіл білімі институтына кел­геннен басталады. Инс­титутта аға лаборант, кіші, ғылыми, аға, же­текші, бас ғылыми қызметкер баспал­дақ­тарынан өткен ол бүгінгі күні қазақ тіл білі­мі­нің көрнекті ғалым­да­рының қатарынан орын алып отыр.
1993-1994 жылдары ҚР Министрлер Ка­би­неті жанындағы Тіл комитетіне тіл мә­де­ние­ті және терминология бөлімінің меңгеру­ші­сі қызметін атқара жүріп, мемлекеттік тер­­минологиялық, ономастикалық комис­сия­лардың жұмыстарына қатысып, ұйым­дас­тырушылық, басшылық қызметтің де  қыр-сы­­рын меңгерген М.Малбақов А.Бай­­­­­­тұрсын-
ұлы атындағы Тіл білімі инсти­туты­ның Тіл тари­хы және диалектология бөлімінің мең­геру­шісі, институт директорының орын­ба­сары қыз­меттерін, 2011 жылдан бастап осы кезге дейін институтымыздың директоры лауа­зымын абыроймен атқарып келеді.
1992 жылы «Қазақ лексикографиясының та­­рихы» тақырыбында түркі тілдері маман­дығы бойынша – кандидаттық, 2003 жылы «Қа­зақ тілі түсіндірме сөздігінің құрылымдық не­­гіздері» тақырыбында докторлық дис­сер­тация­сын ойдағыдай қорғаған М.Малбақов қазақ тіл білімінде алғаш болып лекси­ког­ра­фия саласының негізгі ұғымдарына анық­тамалар беріп, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажыратып берді. Ғалымның аталмыш саланың алдында тұрған ғылыми мә­селелерді шешуге қатысты тұжырым­да­рының ғылыми тұрғыдан да, практикалық жағынан да құндылығы аса жоғары. 
Мырзаберген Малбақовтың тіл білімінің көрнекті өкілі ғана емес, тіл саясатына қатыс­ты ойларымен көзге түскен қайраткер екен­дігі­нен жұрт оның қаламынан туған «Елбасы және тіл саясаты», «Ұлытауда айтылған ұла­ғат­ты сөз» және т.б. мақалалары арқылы ха­бар­дар.
Профессор М.Малбақовтың «Латын қар­пі: ұлт болып шешуге тиісті мәселе» атты ма­қаласындағы «жазуда қолданылатын қа­ріп­тік таңбалар латын қаріптерінің дәстүрлі оқылымдарынан ауытқымау керек», «ұлттық әліпбиге қатысты әңгімеде тілді техникаға емес, техниканы тілге бейімдеу қажет», «ұлт­тық әліпбиде бір дыбысқа бір таңба болу ке­рек»,«қандай ұлттық әліпбиді алсақ та, оның ұлттық бет-бейнесі айқын көрініп тұруы ке­рек. Ұлттық бет-бейнесі айқын көрінбейтін әліпби – ұлттық әліпби болып саналмайды. Ол жай ғана таңбалардың жиынтығы болып шығады», «төл дыбыстарымызды бейнелейтін қаріптердің түркі әлеміне ортақ әріптер құра­мынан алынуы, өзге түркі әліпбилеріндегі қа­ріптерге ұқсас болуы керек» деген ғылыми тұ­жырымдары оның қоғамдағы маңызды мәселелерге әрқашан пікір қосып отыратын­ды­ғын көрсетіп қана қоймай, ғалымдық-қай­раткерлік портретін аша түседі.
М.Малбақовтың жетекшілігімен 8 кан­ди­даттық диссертация қорғалды. Ғалым док­торлық диссертациялар қорғау кеңес­терінің мүшесі және жоғары оқу орындарында мем­лекеттік емтихан комиссиясының төрағасы, Республикалық ғылыми «Хабарлар» журна­лы­ның  редакциялық алқа мүшесі, «Тілтаным» журналының бас редакторы қызметтерін ат­қа­рып келеді. Ол Қырғыз Республикасы Ғы­лым академиясы Тіл институты мен Ара­баев атындағы университеттің Лингвистика институтының біріккен докторлық диссер­тациялар қорғау кеңесінің мүшесі болып, Түркия республикасының Анкара қаласында түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы мен сөздігін жасау жұмыстарына белсене қатысып,«Әлемге танымал ғалым» аталымы бойынша Пекиндегі Мензу университетінде дә­рістер оқып, алыс-жақын шетелдерде де ­өзінің ғалымдығын, ұстаздық қабілетін дә­лел­дей түсті.
Тағы бір айта кетер жайт, І.Кеңесбаев, Ш.Сарыбаев, С.Омарбеков, Т.Жанұзақ сияқ­ты лексикограф-ғалымдардың қазақ тіл ғы­лы­мына қосқан үлестерін насихаттаған кө­лем­ді мақалалары профессор М.Мал­ба­қовтың ұстаз­дарын ұлықтаған адал ізбасар екендігін айғақтайды.
Профессор М.Малбақов «Қазақ әдеби ті­лінің тарихи көздері»; «Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырының текстологиясы» (Е.Жұбанов­пен бірге); «Қазақ сөздіктері»; «XX ғасырдағы қазақ әдеби тілі» (авторлар ұжымы); «Біртілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері» атты монографиялар, 100-ден аса ғылыми еңбектер жазумен қатар, түсіндірме, аударма сөз­діктер құрастыруға қатысып, сөздікші ре­тінде көзге түсті.
Б.з.б. III мыңжылдықтағы көне шумер ие­рог­лифтерінің сөздіктерінен бастау алған әлемдік сөздік түзу тәжірибелеріне ғылыми шолу жасап, X-XI ғасырларда қолға алынып, қазіргі кезде түркі кеңістігінде теңдесі жоқ қазақ сөздік түзу ісін,осынау өшпес мәдени құндылықты зерделеуші филология ғылым­дарының докторы, профессор Мырзаберген Малбақовқа қазақ мәдениетінің, қазақ тілінің жай-күйі­нен ақпар беретін құнды деректер мен маңыз­ды зерттемелік тұжырымдарға толы шығар­ма­шылық ісіне табыс тілейміз.

С.ҚҰЛМАНОВ,
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты  Терминология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент