Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бітімі бөлек балабақша

Бітімі бөлек балабақша

Ләйлім ХАЛЫҚҚЫЗЫ
2124
Бітімі бөлек балабақша Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында салынған Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны № 19 «Арай» шағын ауданында 2013 жылдың тамыз айынан бастап қызмет етеді. Балабақша 250 орынға арналып салынған. Балабақшадағы 12 топта қазіргі таңда 344 бала тәрбиеленуде.

– Балабақшада 65 қызметкер жұмыс жа­сай­ды, оның ішінде 33 педагог қызметкерлер (15 педагог жоғары білімді, 18 педагог арнаулы ор­та білімді). Арнаулы орта білімді педаг­ог­тар­дың 8-і жоғары оқу орнының сырттай оқу бө­лімінде білімін жалғастыруда. Педагог ма­ман­дарымыздың басым көпшілігі жас ма­ман­дар (орташа жас мөлшері – 32). Бірінші са­нат­ты 2 педагог, екінші санатты 5 педагог. 2014-2015 оқу жылында 15 педагог біліктілігін арт­­тыру курсынан өтті. Балабақшада оқу-тәр­бие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті бі­лім беру стандартына сәйкестендірілген Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Алғашқы қадам», «Зерек бала» және «Біз мек­тепке барамыз» бағдарламалары бойынша жүргізіледі.Бағдарламалар мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған «Денсаулық», «Қа­тынас», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Шы­ғар­машылық» білім беру салаларынан тұра­ды, – дейді Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 «Рахат» балабақша – бөбекжайы» ком­муналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, директордың міндетін атқарушы Әсия Ыс­қақ­қызы Бейсенева.
Расында да барлық тәрбие балабақшадан бас­талады. Балабақша — бүлдіршіндерді ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие ор­талығы. Балабақша басшысы Әсия Ыс­қаққызының айтуынша, отбасымен байланыс жа­сау – №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы ұжымының негізгі жұмыс бағытының бірі. Ата-аналар өз тарапынан балабақшаның пе­дагогикалық үрдісіне белсенді түрде қаты­сады. Баланың дамуына бағытталған бірыңғай білім беретін кеңістік құру – отбасы мен ба­ла­бақша арасындағы ынтымақтастық болып отыр. Осы міндетті жүзеге асыру барысында ата-аналармен бірігіп жұмыс істеудің әртүрлі формасы қалыптасқан (әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас, психологиялық тренинг, т.б.) және ол жұмыс та өз жемісін беруде. 
– Жыл көлемінде ата-аналар мен бала­бақ­ша ынтымақтастығын арттыру үшін көп­теген жұмыс жүргізілді. Атап айтар болсақ, ата-аналар жиналысын дәстүрлі емес фор­мада, мысалы, «Кешкі шай» түрінде өткіздік. Спорт­тық, мерекелік шараларға да ата-ана­ларды жиі жұмылдырамыз. Осы тұста ата-аналармен бірлесе өткізілген «Армысың, әз Наурыз!» атты топтарды мерекелік безендіру сайысын, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы аясындағы «Ұлттар достығы» фестивалін, салауатты өмір салтын насихаттау мақ­сатындағы «Әкем, шешем және мен» спорт­тық сайысы, «Ең үздік серуен алаңы» бай­қауы атап өтуге тұрарлық, – дейді Әсия Ысқаққызы Бейсенева.
Расында да ата-аналар балабақша аума­ғын көгалдандыруға атсалысады.
Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жыл­дығы аясында ата-аналармен бірге «Ұлт­тар достығы» фестивалі өткізілді.
«Балапан» бағдарламасы аясында жұмыс атқаратын балабақша болғандықтан мекеме республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. Жұмыс атқарған 2 жыл көлемінде балабақ­ша­ның материалдық-техникалық базасы ны­ғайтылды. Жыл сайын «Алматыкітап» бас­пасынан 2 жастан 6 жасқа дейінгі төрт жас ерек­шелігі бойынша әр балаға жұмыс дәптері, үлес­тірмелі материал, демонстрациялық ма­териал, педагогтарға арналған әдістемелік нұс­қаулықтар сатып алынады. 
Әрине, басты мәселе мамандардың сапа­лылылығына қатысты екені сөзсіз. Бұл орайда, тәрбиешілер Шығыс Қазақстан гума­ни­тарлық колледжінде қайта даярлау кур­сынан, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойын­ша педагогикалық қызметкерлердің білік­тілігін арттыру институтында біліктілігін арт­тыру курстарынан өтуде, облыстық, қала­лық, балабақшаішілік семинарларға жиі  қа­тысуда.
Педагог мамандардың кәсіби шеберлігін арт­тыруда балабақшада үлкен жұмыс атқа­ры­лып жатыр. Ең алдымен педагог-психологтың кө­мегімен тренингтер, тестілеу, сауалнама жүр­гізу арқылы, сондай-ақ бақылау бары­сын­да педагогтарды кәсіби деңгейіне диагностика жа­салынды.Қазіргі таңда біздің білім беру ме­кемесінде әдістемелік жұмыстың төмен­де­гідей белсенді нәтижелі формалары қолда­ны­лады. 
Мекемедегі дене шынықтыру-сауықтыру қыз­меті «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары негізінде ұйымдастырылады. Балабақшадағы дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдас­тыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының «Денсаулық» білім беру сала­сына және бағдарламаларға сәйкес келеді. Ме­кемеде балалардың денсаулығын нығайту мен жан-жақты дамуына бағытталған жұмыс­тың мақсатын, міндетін, құралын, түрі мен әдісін біріктірген дене тәрбиесінің жүйесі жолға қойылған. Дене шынықтыру сабақтары әр жас ерекшеліктері бойынша аптасына 2 рет жүргізіледі. Ауа райының қолайлы күндері дене шынықтыру сабақтары, таңғы жаттығу таза ауада, яғни балабақшаның спорт алаңында өткізу дәстүрі қалыптасқан. 
Сондай-ақ вариативті компонент ретінде би сабағы енгізілген, ІІ сәбилер тобында екі ап­тада 1 рет, естиярлар мен ересектер топ­та­рын­да аптасына 1 рет өткізіледі. 
– Балабақшаның материалдық-тех­ника­лық базасы педагогикалық талаптарға, за­манауи білім беру деңгейіне және сани­тарлық нормаларға сай жабдықталған. Балабақшада балалардың психо-физикалық, эстетикалық, танымдық, сондай-ақ әлеуметтік дамуына қо­лайлы жағдай жасалған. Мектепке дейінгі ме­кемеде: дене шынықтыру мен музыка залы, ло­гопед, педагог-психологтың бөлмелері, спорт, серуен алаңы бар. Жас ерекшелік топта­рын­да балалардың ұйымдасқан оқу іс-әре­кеттеріне, ойын мен өзіндік іс-әрекетпен шұ­ғылдануына толық жағдай қарастырылған. Барлық топтар балалармен түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жас ерек­шеліктері мен санитарлық-гигиеналық та­лап­тарға, сондай-ақ қазіргі заман талабына сай ойындармен, ойыншықтармен, ыңғайлы да әсем жиһазбен жабдықталған, – дейді «№15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» комму­нал­дық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны­ның басшысы Әсия Ысқаққызы Бейсенева.
2013-2014 оқу жылында 5 жастағы балалар ара­сында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-прак­тикалық «Дарын» орталығы ұйым­дас­тырған «Балапан мектепке дайындал» интеллектуалдық турниріне 26 бала қатысып, 4 бала І орын, 1 бала ІІ орын, 10 бала ІІІ орын ие­ленді. Облыстық балалар және жасөс­пі­рімдердің «Жас толқын» ән байқауына қа­тысқан 3 баланың екеуі ІІ орын иеленсе, біреуі «Көрермендер көзайымы» номинация­сын жеңіп алды.