Негізгі бет  /  мақалалар  /  Атамбаев азамат екен

Атамбаев азамат екен

Жолдасбек Дуанабай
941
Атамбаев азамат екен Қырғызстандағы ең ұзын адам - Женишбек Райымбаевқа емделу үшін бір жолғы материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар оған өмірінің соңына дейін жәрдемақы төленетін болды.

28 мамырда Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев жарлыққа қол қойғаны туралы хабарланды. Оған сәйкес Женишбек Райымбаевқа 2015 жылдың 1 мамырынан бастап қосымша әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында өмірінің соңына дейін 10 мың сом көлемінде ай сайын Қырғызстан Республикасы президентінің жәрдемақысы төленеді. Сонымен қатар оны емдеу үшін материалдық көмек көрсету аясында мемлекет басшысының өкімімен президенттік әлеуметтік қорғау және қолдау  қорынан 100 мың сом бөлінді.


ҚазАқпарат