Негізгі бет  /  мақалалар  /  Семіздік ер адамдарға қауіпті

Семіздік ер адамдарға қауіпті

Жолдасбек Дуанабай
1003
Семіздік ер адамдарға қауіпті Мичиган университетінің мамандары тышқандарға зерттеу жүргізді. Олар ұрғашы тышқандардың қанындағы өзекті жасушаларды өте майлы диетамен бағдарламалады. Бұл метаболикалық бұзушылықтарға алып келді.

«Жүрек қан тамырлары ауруы мен сусақ тәуекелі әйелдер мен ерлерде қатты ерекшеленетіні анықталды. Аналыққа қарағанда, аталық тышқандардың ауруға шалдығу қаупі басым болып шықты, - деді Канакадург зерттеушісі Сигер. Ғалымдар аталық және аналық тышқандарға өте майлы диетаның қалай әсер еткенін салыстырды.
Олар диета салдарынан семірген репродуктивті жастағы аналық тышқандарда қабыну әсері қалыпты деңгейде болса, ал семірген аталық тышқандардың қанында лейкоциттер мен оған шалдығуға соқтыратын белгілердің артып кеткенін байқаған. Соның салдарынан олар қандағы глюкоза мен инсулиннің артуына барынша бейім екен. Тышқандардың ағзасы адамға өте ұқсас болғандықтан ғалымдар семіздіктің әйелдерге қарағанда еркектерге қауіптірек екенін айтып отыр.


ҚазАқпарат