Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Тез ажырасудың» жолын тапты

«Тез ажырасудың» жолын тапты

Жолдасбек Дуанабай
1170
«Тез ажырасудың» жолын тапты Осы аптадан бастап Италияда ажырасу процессі туралы жаңа заң күшіне енді. Енді, жаңа заңға сәйкес, бір-біріне «addio» деу үшін жұптар бұрынғыдай 3 жыл емес, 6 ай күту керек болады.

"Trade&Consulting sas" көші-қон компаниясының мәліметінше, «тез ажырасуға» мүмкіндік беретін заңды 2015 жылдың 22 сәуірінде Италия парламентінің депутаттар палатасы қабылдаған. Жергілікті тұрғындар үшін революциялық жоба осыған дейін қырық жылдан аса қызмет етіп келген «Fortuna Baslini» заңын алмастырды. 
Некені бұзуға қатысты жаңа заң ажырасу процессін 3 жыл емес, егер қос тарап та келісіп отырса 6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.  


BNews.kz