Негізгі бет  /  мақалалар  /  Үстіне 1 миллион ара қондырды

Үстіне 1 миллион ара қондырды

Жолдасбек Дуанабай
782
Үстіне 1 миллион ара қондырды Қытай азаматы үстіне миллион араны қондырып, рекорд орнатты. Порталдың мәліметінше, жүрек жұтқан ер адам үстіне 1 миллионнан аса бал арасын қондырып, әлемдік рекорд жасады.

Бір сағаттың ішінде Гао Бингоның денесін жәндіктер 2 мың рет шаққан. "Салмағы 110 келіден асқан аралар бетін шақпас үшін омарташы үздіксіз темекі шегіп тұрды. Сынақ уақыты аяқталған бетте ол мұзды суға сүңгіді", - делінген жарияланымда. Айта кетейік, Қытайда "аралар патшасы" атанып кеткен Бинго өткен жылы 460 мың араны қондырып, дәл осындай рекорд орнатқан болатын.
24.kz