Негізгі бет  /  мақалалар  /  Туған жердегі жүздесу

Туған жердегі жүздесу

Жолдасбек Дуанабай
855
Туған жердегі жүздесу Жақында Түркістан қаласындағы қазақ- түрік университетінің үлкен залында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Темірхан Медетбектің 70 жасқа толуына орай кездесу болып өтті.

Кездесуде облыс әкімі Асқар Мырзахметовтiң құттықтау хаты оқылды. Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев жерлес қаламгерге деген жұртшылық атынан құрметін көрсетті.
Сондай-ақ ақынмен бірге барған қаламдас іні-достары Ұлықбек Есдәулет, Мереке Құлкенов, Әмірхан Меңдеке, Қасымхан Бегманов, Әділ Несіпбай, Қалдыбек Құрманәлі, Қазыбек Исалар және жергілікті қауым өкілдері қалам­гердің шығармашы­лығына тоқта­лып, өмір жолдарынан естеліктер айтты. Келесі күні Темірхан Медет­бек туған жері Нұртас ауылының тұрғындарымен кездесті. Бұл кездесу де мағыналы да мәнді болып өтті.

Өз тілшімізден