Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қаратаулық ұстаз – Азия жүлдегері

Қаратаулық ұстаз – Азия жүлдегері

Жолдасбек Дуанабай
859
Қаратаулық ұстаз – Азия жүлдегері Ташкентте 64 және 100 шаршылы дойбыдан Азия құр­лығының бірін­шілігі өз мә­ресіне жетті. Жиырма ел­ден келген 250 дойбышы мық­тыны анықтауға 1 аптадан аса уа­қыт жұм­сады.

Жарысты Азияның дойбы конфеде­рациясы мен Өзбекстан дойбы федера­циясы ұйымдас­тырған болатын. Айта кетейік, соңғы үш жылда өзбек ағайындар құрлық біріншілігін өз елінде екінші мәрте өткізіп отыр.
Қазақстан тарапынан бұл жарысқа Жамбыл, Оңтүстік Қа­зақстан, Батыс Қа­зақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыста­ры­ның және Алматы мен Астана қалала­рының дойбышылары қатысты. Әлемдік дойбы додала­рынан жүлдесіз қайтпаған қазақ спортшылары бұл сайыста да қанжығалары майланды. Жал­пыко­ман­далық есепте біздің елдің сайып­қы­рандары 59 ме­даль­мен екінші орыннан көрінді. Біздің қоржынымыз 21 алтын, 16 күміс және 22 қола медальмен толықты.
Сайысқа қатысушылардың жас ерек­шеліктеріне қарай турнир 7 топқа бөлінді. Яғни 8,11, 14, 17, 20 жасқа дейінгі және ере­сектер мен ардагерлер арасында өтті. 
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының дойбышысы, ұлттық дәрежедегі төреші Дәуренбекова Жауһар ардагерлер арасындағы сайыста Азияның қола жүлдегері атанды. Спортпен ты­ныстайтын шағын шаһар үшін бұл – үлкен жетістік. Бұл ісімен Байтұрсынов мектеп-гимназиясы дене шынық­тыру пәнінің мұғалімі шәкірт­теріне қашанда үлгі бола алаты­нын тағы бір дәлелдеді десек те болады. Қажырлы еңбек, терең ой – жетістіктің негізгі кілті екенін Жауһар өз шәкірт­терінің есіне салудан еш жалық­қан емес. Тұрғындар ұстаздың бұл жеңі­сімен тек оқушылары емес, дүйім Қаратау жұрты да мақтан тұта­нынын жеткізді. 

А.Алтай