Негізгі бет  /  мақалалар  /  Дәрігерлермеен дауласатын кез келді

Дәрігерлермеен дауласатын кез келді

Жолдасбек Дуанабай
912
Дәрігерлермеен дауласатын кез келді Ақмола облысында дәрігерлер 26 жастағы дені сау әйелдің омырауын қателесіп алып тастаған. Зардап шегуші дәрігерлерден 2 миллион теңге өтемақы талап етуде.

Ақ халаттылар бойжеткенге қатерлі ісікке шалдықты деген диагноз қойған. Алайда, емделуші отадан кейін қайта тексерістен өткенде ешқандай сырқаттың болмағанын анықтаған.

«Қатерлі ісік бар» дегенге бола омырауын алдыртқан әйел сотқа шағым түсірді.Сот сараптамалары дәрігерлердің қателікке бой алдырғанын растады. Бойжеткенді омыраусыз қалдырған ақ халаттылар 2 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сонымен қатар, сотта 34 жастағы ақмолалық тұрғынның ісі қаралуда. Дәрігерлер тұрғынның жатырын қателесіп алдыртып тастаған. Зардап шегуші сотта денсаулығына келтірген зиян үшін дәрігерлерден 5 миллион теңге талап етуде.

Nur.kz