Негізгі бет  /  мақалалар  /  Үлкен істердің ұйытқысы

Үлкен істердің ұйытқысы

Жолдасбек Дуанабай
1192
Үлкен істердің ұйытқысы Қазіргі жаһандану заманында ешбір адам еңбексіз еңсесін тік ұстауға қабілетті тұлға болып қалыптаса алмайтындығы бәрімізге де мәлім. Тынымсыз ізденіс пен заман ағымына сай еңбек ету, өз ісін жаһандық бәсекелестік жағдайында, алға ілгерілетіп, ұжымның бәсекелестік деңгейін көтеріп отыру ұжым басшысының міндетіне айналып отырса жақсы нәтиже бермек.

Міне, осындай үнемі із­деніс пен еңбектің ортасынан табылатын, өзінің белсенді азаматтық ұстанымы бар, білім мен мәдениет деңгейі жоғары, жинақы және жаңа үрдістерге бейім адам ретінде танылып келе жатқан маман – Ержанова Сәуле Баймырзақызы. Қ­азақ мемлекеттік қыздар пе­даго­гикалық универ­си­­тетінің Қазақ әдебиеті кафедрасын басқарғаннан бері Сәуле Баймырзақызы ғы­лыми-пе­да­гогикалық қызметтегі іс-шаралардың басынан табылып, игі істердің ұйытқысы болып келеді. Мәселен, биылғы оқу жылында кафедра жыл­дық  жоспарға сәйкес, құнды­лықтарымызды нығайта түсетін бірқатар жұмыстар атқарды. Кафедра жанынан құрылған «Ізденіс» ғылыми үйір­месі мен «Інжу-Маржан», «Назқоңыр» үйірмелерінің ­қыз­меті жанданып, оған қатысушы студент жастардың құрамы өзіміздің студенттерден бөлек басқа ЖОО студенттерімен толығып келеді. Мұның өзі кафе­дра жанынан ашылған қосымша білімді жетілдіру қызметінің сапалы нәтижесі. 
Қыркүйек айының аяғында педагогика ғылымдарының кан­дидаты,профессор міндетін атқарушы Б.Жұмақаеваның ұйымдастыруымен Абай оқулары аясында «Білімдіден шыққан сөз» атты әдеби іс-шараны рухани құндылықтар алмасу мақсатында, сту­денттерді барынша  белсенді қатыстыра отырып өткіздік.
Қазан айында кафедра ұжы­мының ұйымдастыруымен «Түркілік ортақ әдебиет тарихы мен жазуының  дәуірлеу мәселесі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Аталмыш ғылыми іс-шараға университетте академиялық ұтқырлық негізінде дәріс берген шетелдік ғалымдар – Нидерланды Лейден университетінің профес­соры Зифа-Алуа Әуезо­ва мен Түркияның Мугла уни­верситетінің доценті Кенан Коч мырзалар қатысты.
Қазақ поэзиясына өзінің аза­маттық үнімен,  сырлы да сазды лирикалық өлең, дастандары арқылы сүбелі үлес қосқан қазақтың көрнекті ақыны Сағи Жиенбаевтың туғанына 80 жыл толуына  орай, кафедра меңгеру­шісінің бастамасымен 2014 жылдың қазан айының аяғында «Сағынышқа айналған Сағи ақын» атты әдеби кеш болып, кешке Қазақстан жазушылар одағы төралқасының мүшесі, сыншы Бақыт Сарыбала, Сағи ақынның жары, асыл анамыз Уәзипа Жиенбаева, тәжірибелі ұстаздар мен Уәзипа апайдың әріптес достары қатысты.
Кафедра  жанынан  құрылған «Назқоңыр» үйірмесі – уни­верситет тарапынан өтетін әдеби кештердің ұйытқысы. Мәселен, студент қатарына қабылдау рәсімі сияқты кештерде үйірме мүшелері енді ғана білім ордасын аттаған білімгерлерге үлгі болып өз өнерлерін, үйірме үйреткен тәжірибелерін бөліседі. 
Жақында Қазақ әде­биеті кафедрасының ұйым­дастыруымен «Мамандығым – мақтанышым» атты ғылыми-әдістемелік кон­ференция өтті. Онлайн кон­ференция екі кезең бойынша өтті.Береке Жұмақаева «Әдебиет сабағында оқушылардың пәндік құзіреттілігін қалып­тастыру» тақырыбында мектеп мұғалім­деріне  онлайн дәріс сабағын өтті. Екінші кезең Қазақ әдебиеті кафедрасының тірек мектептері – Алматы қаласы Әуезов ауданы  №140 мектеп-гимназия, Алматы қаласы Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиялармен онлайн байланысқа түсті.
Қыздар университеті рес­пуб­лика бойынша жыл сайын Мұқағали оқуларын өт­кізуді дәс­түрге айналдырып ке­ле жатқаны белгілі. Жыл сайын туған күнінде ақын ес­керткішінің басында уни­вер­ситет басшылығының бастамасымен еске алу кеші өтеді. 
Осы жылдың наурыз айын­да Қазақ мемлекет­тік қыздар педа­гогикалық уни­верситетінің қолдауымен, кафедраның ұйым­дас­ты­руы­мен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай, Алаш ұранды әдебиеттің белді өкілі, ұлт қайраткері, ақын-ағар­ту­шы Таңжарық Жол­ды­ұлының өлеңдерін, өнегелі өмірін дәріптеп, жас ұрпақты қазақ әдебиеті мен тарихының ақтаңдақтарын ашу, зерделеу, шабыттандыру мақсатында, Алматы қаласындағы ЖОО сту­денттері  арасында «Хал­қым, сен, шын тіленіп, табына­рым» деген атаумен Таңжарық оқулары өткізілді.
Қазақ әдебиеті кафе­дра­сы сәуірдің басында бірі әде­биеттанушы, теоретик, бірі фольклорист көрнекті ғалым­да­рымыз Б.Ш.Абылқасымовтың 65 жылдығына орай және ака­демик З.Ахметовті еске алу құрметіне студенттер мен магистранттардың ЖОО аралық дәстүрлі «Зәки оқу­ларын» өткізді. «Зәки оқу­лары» университетте үшін­ші жыл қатарынан өтуі дәс­түрге айналып, рухани құн­ды­лықтарымыздың жо­ғалмай қайта жаңаша жаң­ғыруы екеніне көз жеткіземіз.
Қорыта айтқанда, тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған құндылықтарды басшылыққа алған ұжым ал­дындағы шәкірттерден де шын­дық, қайырымдылық, шығар­машылық және т.б. қасиеттерді күтеді. Ол үшін сезім мен ақыл-ойдың, еңбектің, із­де­ніс­­тің ұш­та­суын және сол ар­қылы ал­дын­дағы шәкірттің тұлғасын қалыптастыруды көздейді.Демек,жас ұр­пақ­ты тәрбиелеудегі құн­дылық­тардың мәні мен таби­ғаты бірдей дәріптеліп отырған кафедраның ұстанымы айқын, еңбектері зор  демекпін. 

Айнұр  КӨШЕКОВА, филология ғылымдарының докторы, ҚазМемҚызПУ