Негізгі бет  /  мақалалар  /  Меңгеруші нені меңзеді?

Меңгеруші нені меңзеді?

Жолдасбек Дуанабай
1074
Меңгеруші нені меңзеді? Оңтүстік Қазақстан облысында 8-сынып оқушылары оқу ісінің меңгерушісі пәк екендеріне күмән келтіргені үшін мектепке барудан бас тартты.

“Бүкіл ауыл жеткіншектердің жеке өмірін қызу талқыға алып, мектеп қызметкерлері арасында дау шықты”, - дейді арна тілшісі. 8-сынып оқушысы Фатимаға оқу ісінің меңгерушісі пәк емессің деген айып тағып, қасындағы құрбыларын да бұзылғандар қатарына жатқызған. Мұғалім тіпті оларды гинекологқа апарып, тексерту керек деген ойда.
“Гүлнәр апай бізді “қыз” емессіңдер деп айыптады. Мен мектепке барғым келмейді. Сыныптастарым сол күні-ақ мені мазаққа алды. Енді барлық ауылда сыбыс тарап жүр. Мен үйден шығуға ұялатын болдым. Тағы біреу мені сынға алатын болса, көтере алмайтын сияқтымын”, - дейді Фатима Хасанова.
Гүлнәр апай бізді “қыз” емессіңдер деп айыптады. Мен мектепке барғым келмейді. Сыныптастарым сол күні-ақ мені мазаққа алды 8-сыныпта оқитын Фатима мен Ділбар мұндай “шулы атаққа” бүкіл мектеп олардың сыныптасы Мадина 6 ай мерзімінде жүкті болғанын білгеннен кейін қалған. Жүкті екенін кеш білген Мадина сірке суын ішіп, өзіне қол салмақ болған. Сыныптастар бір-бірімен айтарлықтай дос болмағанына қарамастан, олар да сынның астында қалды.
Мектеп қызметкерлері арасында дау толастар емес. Оқу мекемесінде бас-көз болатын директордың сайланбағанына жарты жыл болды. “Оқу ісінің меңгерушісімен сөйлескеннен кейін қыздарға жедел жәрдем шақыртылды. Онымен жұмыс істеу қиын. Мектепте әлі күнге дейін директор жоқ. Мен басшылық ете алатындардың қатарында емеспін. Сол себепті, тәртіп орнататын директор керек”, - дейді директордың міндетін атқарушы Салиха Медетова.
Даудан кейін ауруханаға оқу ісінің меңгерушісі де түскен. Гүлнәр Қошанова оқушылар үшін уайымдағаннан осындай әрекетке барғанын айтуда.
Мен қыздардың пәктігін тексергім келді. Бізде оқушылардың жүкті болуы жиілеп кетті. “Мен қыздардың пәктігін тексергім келді. Бізде оқушылардың жүкті болуы жиілеп кетті. Жыл басынан бері 3 оқушы жүкті болды. Өткен жылда да 3 оқушының аяғы ауыр болған. Бұл жағдайды мені жұмыстан кетіру үшін пайдаланбақшы. Мұның бәрі маған қарсы шығу үшін ұйымдастырылған”, - дейді тәрбие бойынша оқу ісінің меңгерушісі Гүлнәр Қошанова. Оқытушылар жеткіншектерді мектепке келтіруге көндіре алмауда. Оқушылар мектепке тек оқу ісінің меңгерушісі жұмыстан шығарылғанда ғана баратынын айтты.
 

КТК арнасы