Негізгі бет  /  мақалалар  /  Алты баланың азабы

Алты баланың азабы

Жолдасбек Дуанабай
828
Алты баланың азабы Алматы іргесіндегі Жаңадәуір ауылында 6 бала адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр. 3 пен 14 жас аралағындағы ұл-қыздарды маскүнем аналары осыдан 2 жыл бұрын тастап кеткен.

Ал 65 жастағы әкелері 2-ші топтағы мүгедек. Оның да ішетін әдеті бар. Күтімнің жоқтығынан үй іші де әбден кір-қоқысқа толған. Шиеттей бала-шағаның да соңғы рет қашан тойып тамақ ішкендері естерінде жоқ.

Жарасхан, Жансая, Арман, Ұлту және Жайна - бұл Жаңадәуір ауылындағы Оразбаевтар отбасындағы ағайынды 5 бала. Негізі, олар алтау. Бірақ үлкендері, 14 жастағы Айжан екі айдан бері Есік қаласында ауруханада жатыр. Жеткіншектің жүйкесі сыр беріпті. Ал іні-қарындастары жұпыны тіршілік кешуде.
Негізі, олар алтау. Бірақ үлкендері, 14 жастағы Айжан екі айдан бері Есік қаласында ауруханада жатыр. Бөлменің жоқтығынан емес, төсек-орынның аздығынан бәрі бір жерде жатады. Әрі мұнда басты байлықтары - теледидар бар. Ұзақ уақыттан бері үйлері де күтім көрмей, әбден қоқысқа толған. Бір қуантары, балғындардың барлығы да мектепте озат екен.
Отағасының жасы 65-ке тақаған. Көлік апатына түсіп, бір көзінен айырылыпты. Қазір 2-ші топтағы мүгедек. Әйелі 2 жыл бұрын маскүнемдікке салынып, отбасын тастап кетіпті.
“Міне, мына қызым 7 айлығында тастап кеткен. Әлі жоқ. Қайда екенін де білмеймін. Тіпті жәрдемақыларын да алып кететін еді. Қазір енді өзім алып жүрмін.Картоп ай сайын сатып алам, зейнетақымнан 37 мың теңге. Соны үнемдеймін”, - дейді жалғызбасты әке Марқабай Оразбаев.
Тек мына үйілген бөтелкеге қарағанда көпбалалы әке де ақшасының денін араққа жұмсайтын тәрізді. Отағасының жасы 65-ке тақаған. Көлік апатына түсіп, бір көзінен айырылыпты. Қазір 2-ші топтағы мүгедек. “Мен ішкенде қуып ішпеймін. Бірақ ішем. Енді ойланам. Осы жасқа келдім”, - дейді ол. Қараусыз, кір-қожалақ, аш-жалаңаш жүрген балғындардың жайынан жергілікті әкімдік те хабардар. Бірақ қол ұшын созуға қауқарсыз. Тек қыста көмір түсіріп берген екен.
” Отбасы туралы білемін. Былтыр көмек көрсетілген. Көмір-отынмен, киім-кешекпен. Ауылдық кеңес, мектеп көмектеседі. Интернатқа орналастыруға ол кісінің өзі бас тартқан”, - дейді Байсерке ауылдық аймағы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбілқасов.
Жалғызбасты әке шиеттей ұл-қызды әлі жеткенше өзі жетілдіруге бекінген. Тек шайлығына жетпейтін зейнетақысына қосымша жұмыс болса деген тілегі бар.


КТК арнасы